astana-view

Кәсіпкер сөздігі

Сөз
Аударма
Сипаттама
этикетка
заттаңба / затбелгі

(фр. etiquette — ярлык, этикетка) Өндірісте шығарылған өнімге жапсырылатын, өімнің бағасы, шығарылған мекенжайы, өндірілген күні мен жарамдылық мер­ зімі көрсетілетін парақша.

заттаңбалық баға — этикетная цена

эффективность (экон.)
тиімділік

Қол жеткізілген нәтижелер мен пайдаланылған ресурстардың арасындағы арақатыс

тиімділік индексі — индекс эффективности тиімділік көрсеткіші — показатель эффективности тиімділікті есептеу — расчёт эффективности

юридический: законный
заңды

Құқықтық нормаларға, құқықтық заңнамаларға және олар­ дың күнделікті қызметте қадағадалануы мен пайдаланылуына байланысты ұғым

заңды кәсіпорын — законное предприятие заңды мекенжай — юридический адрес заңды мұрагер — правопреемник заңды төлем қаражаты — законное средство платежа заңды тұлға — юридическое лицо заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру — реорганизация юридических лиц заңды тұрғылықты мекен — юридическое местопребывание

юридическое лицо
заңды тұлға

Меншік, шаруашылықты жүргізу, оқшауланған тиесілі мү­ лікті басқару құқықтарына ие, мүлкі арқылы өзіне жүктелген міндеттерге жауапты болатын, өз теңгерімі және сметасы, атауы жазылған мөрі бар ұйым. Заңды тұлғаның түрлері: өз қызметін­ дегі мақсаты пайда түсіру болатын коммерциялық ұйым және таза табысты қатысушылардың арасында бөлуді көздемейтін, пайда табу мақсаты жоқ коммерциялық емес ұйым.

заңды тұлғаның құқықтық қабілеттілігі — правоспособность юридического лица заңды тұлғаның өкілеттіктері — полномочия юридического лица заңды тұлғаның теңгерімі — баланс юридического лица

ярмарка
жәрмеңке

(пол. jarmark / нем. jahrmarkt — жыл сайынғы базар) Ресми­іскери тілде кең мағынада қолданылады: 1) негізінен ауыл шаруашылығы өнімдерін, тауарлардың көптеген түрлерін науқандық жеңілдіктер ұсына отырып сату үшін нақты белгілен­ ген орындарда ұдайы және жүйелі түрде ұйымдастырылатын сауда базары; 2) қазіргі нарық экономикасы жағдайында әртүр­ лі кәсіпорындардың, фирмалардың, өндіріс орындарының нақ­ ты белгіленген орындарда және бекітілген мерзім аралығында өз тауарлары мен өнімдерінің үлгілерін таныстыру, жаңа жетістік­ терді насихаттау арқылы отандық және халықаралық ауқымда сауда мәмілелерін жасауға қол жеткізу мақсатында ұйымдасты­ рылатын ірі көрме­базар.

аймақтық жәрмеңке — региональная ярмарка бос қызмет орындарының жәрмеңкесі — ярмарка вакансий бөлшек сауда жәрмеңкесі — ярмарка розничной торговли жәрмеңке ұйымдастыру — организовать ярмарку / организация ярмарки жәрмеңкеге қатысу — участвовать / участие в ярмарке жылсайынғы жәрмеңке — ежегодная ярмарка көктемгі жәрмеңке — весенняя ярмарка көпшілік қолды тауарлар жәрмеңкесі — ярмарка товаров широкого потребления көтерме сауда жәрмеңкесі — оптовая ярмарка күзгі жәрмеңке — осенняя ярмарка мамандандырылған жәрмеңке — специализированная ярмарка халықаралық жәрмеңке — международная ярмарка

Еншілес ұйымдар

Серіктестер