«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы

Жамбыл облысының Кәсіпкерлер Палатасы

Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасы - бұл «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының аумақтық бөлімшесі,  «Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2013 жылғы 16 қазанда құрылған, сондай-ақ бизнес пен биліктің тиімді әріптестігі негізінде даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында кәсіпкерлік субъектілерін біріктіретін коммерциялық емес, өзін-өзі басқаратын ұйым.

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы қызметінің негізгі бағыттары:

1. Оқыту, кеңес беру, кәсіпкерлерді бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары, бизнесті жүргізу, заңнамалық талаптар мен жаңалықтар және т. б. туралы хабардар ету.

2. Кәсіпкерлерді Құқықтық қорғау, әкімшілік кедергілерді анықтау, аудандар, өңірлер, республика бойынша бизнестің жүйелі проблемаларын шешу.

3. Отандық өндірістерді дамытуға және тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі қазақстандық қамту үлесін арттыруға жәрдемдесу, бизнес-жобаларды және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу.

4. Жамбыл облысы кәсіпорындарында талап етілетін мамандарды кәсіби даярлауға жәрдемдесу.

5. Жамбыл облысының агроөнеркәсіптік секторын дамытуға және ауыл шаруашылығы саласындағы бизнес проблемаларын шешуге жәрдемдесу.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша кәсіпкерлерден "Атамекен" ҰКП call-орталығына 1432 нөмірі бойынша хабарласуды сұраймыз.

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі парақшалары:

Facebook: https://www.facebook.com/groups/TarazBiz

Instagram: https://instagram.com/zhambyl_business

Telegram: https://t.me/zhambylbusiness

Еншілес ұйымдар

Серіктестер