«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жетісудің үздік тауарлары анықталды

2019 жылғы 26 Маусым
- Жетісу облысы
12474 просмотров

«Когер ЛТД» құс фабрикасы, «КПК ZETA» жиһаз фабрикасы, «Интеллсервис» баспаханасы және Алматы облысының тағы да басқа кәсіпорындары «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының жеңімпаздары атанды

26 маусым күні Талдықорғанда «Қазақстанның үздік тауары» жылсайынғы көрме-байқауы ұйымдастырылып, дәстүрлі түрде Кәсіпкерлер палатасында өтті.  Биыл байқаудың өңірлік кезеңіне 50-ден астам отандық тауар өндіруші қатысып, көрмеде тауарлар мен қызмет түрлерінің желісін ұсынды.

Биылғы көрменің басты ерекшелігі – жас және жаңадан ашылған кәсіпорындардың қатысуы.

 «Жыл сайын байқаудың танымалдылығы артып, оның аясы кеңейіп келеді. «Қазақстанның үздік тауары» байқауындағы жеңісті кәсіпорындар өнімдері сапасының жоғары бағасы мен серіктестерге арналған «визит картасы» деп атауға болады. Сонымен бірге ұжым үшін үлкен мақтаныш болып табылады. Биылғы көрменің басты ерекшелігі – жас және жаңадан ашылған кәсіпорындардың белсенді қатысуы. Бұл бизнестің қарқынды дамуы мен кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашылуының бір белгісі», – деп атап өтті Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының м.а. Әсет Шаяхметов.

Амандық Баталов кәсіпорын павильондарын аралап, компаниялардың дайындығына жақсы баға беріп, ұсынылған өнім түрлерінің жоғары сапасын атап өтті.

Көрмеде кәсіпкерлер тұрғындар үшін ауыл шаруашылығы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, жиһаз мен қағаз өндірісі, құрылыс, фармацевтика мен басқа да салалардағы тауарлар мен қызмет түрлерін көрсетті.

Үздік кәсіпорындар төрт аталым бойынша анықталды: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар» және «Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпорын».

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша  «КПК ZETA» ЖШС,  «NOVUS POLYMER» ЖШС,  «ISKER COMPANY» ЖШС иеленді.

«Үздік азық-түлік тауарлар» аталымында  «Когер ЛТД» ЖШС, «Молдасанова Этно-ресторан Асқар-Тау» жеке кәсіпкерлігіне және «Первомайские деликатесы» ЖШС иеленді.

«Халық тұтынатын үздік тауарлар» аталымының  иегері болып «Интеллсервис» ЖШС және «Адили Текстиль» ЖШС мен  «Аксель және А» ЖШС иеленді.

«Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпорын» аталымы бойынша үздік болып «Хакимова» жеке кәсіпкерлігі танылды.  «Alakol Resort» жеке кәсіпкерлігіне,  «TUMAR» Көпсалалы клининг компаниясына» иеленді.

Жеңімпаздарға дипломдар, ақшалай сертификат тапсырылып, бірінші орын иегерлері байқаудың республикалық кезеңіне қатысуына жолдама берілді.

Марапаттау рәсіміне қатысқан Амандық Баталов кәсіпкерлерге өңір экономикасына қосқан ірі үлестері үшін алғыс білдіріп, мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатысуға, индустриалдық аймақтарда жобаларын іске асыруға шақырды.  

Жеңімпаздар мен дипломанттарды марапаттау салтанатына сондай-ақ, Алматы облысы Өңірлік кеңесінің төрайымы Римма Салықова, Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров, Кәсіпкерлер палатасы директорының м.а. Әсет Шаяхметов, Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық басқарманың басшысы Руслан Қожасбаев, «Dolce» ЖШС директоры Сәуле Мәкішева қатысты.

Еске салсақ, «Қазақстанның үздік тауары» байқауын 2006 жылы отандық кәсіпкерлердің өндірген өнімінің сапасын арттыруға бағытталған қызметін жандандыру, облыс нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға жәрдемдесу, халық арасында сапа идеясын кеңінен таныту мақсатында тағайындаған болатын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер