«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бизнес-Өсу» кәсіпте білімді арттырады

2018 жылғы 19 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы
10983 просмотров

Петропавлдың 20-ға жуық кәсіпкері бизнесті жүргізуде білімдерін толықтыруға мүмкіндік алды

 СҚО кәсіпкерлер палатасы «Цеснабанк» АҚ филиалымен бірігіп «Бизнес-Өсу» құрауышы бойынша тренинг өткізді. Айта кетелік, аталған курс «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасының 4-бағыты қаржылай емес қолдау  аясында жүзеге асырылып жатыр.

 «Жоба кәсіпкерлік қызметті жүргізудің және дамытудың функционалдық бағыттары бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін оқытуды көздейді. Оқу маркетинг, сауда-саттықты тиімді басқару, кәсіпорынның қаржылық талдауы, келіссөздер, кәсіпкерлерге арналған салық салу, кейстерді талдау және т.б.», – деді СҚО ӨКП бизнес-тренері Елена Коняхина.

 Оның айтуынша, курстан өткен әр кәсіпкер сертификат және өткен тақырыптар бойынша көрнекілік материалдарын алады, бастысы бизнесті жаңа деңгейге көтеретін нақты ақпарат, қажетті құралдарды ала алады.

 Айта кетелік, кәсіпкерлерге курс ұнады.  «Бизнес Өсу» жобасына қатысқан «ПроусКаз» ЖШС жетекшісі Юоий Мазин ойымен бөлісті:

 «Осындай жобалар кәсіпкерлерге шынымен қажет. Бұл Палата ұйымдастырған мен қатысып отырған екінші тренинг. Бастапқыда «Бизнес-Кеңесші» тренингіне қатыстым. Екі курстың да жұмыс істеп тұрған және бастауыш кәсіпкерлерге берері мол. Мәселен, «Бизнес-Өсу» курсы арқылы салық бойынша білімді жетілдірдім, өткен тақырыптың барлығы практика жүзінде сыналды. СҚО кәсіпкерлер палатасы мен Солтүстік Қазақстан бойынша «Цеснабанк» филиалына, сондай-ақ бизнес-тренерлерге осындай мүмкіндік бергендері үшін алғыс білдіргім келеді», – деді кәсіпкер.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер