«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласында цифрландыру қашан іске асады?

2020 жылғы 17 Ақпан
4037 просмотров

Бұл мәселе Мәжіліс депутаты Аманжан Жамаловтың төрағалығымен өткен мемлекеттік-жекеменшік жобаларына мониторинг жүргізу жөніндегі кеңестің кезекті отырысында талқыланды

 «2018 жылдан бастап өткен отырыстарда МЖӘ саласын цифрландыру мәселесі көтеріліп келді, бірақ әлі де айтарлықтай өзгерістер байқалмайды. Тас дәуірі тас таусылғанынан аяқталған жоқ, технологиялар өзгергеннен кейін аяқталды. Бүгін цифрландыру дәуірі, бірақ бюрократия хаосы жалғасуда... Айтарға сөз жоқ. МЖӘ секілді сала неге әлі цифрландырылмай келеді?» – деді Аманжан Жамалов.

Депутат инвесторларға да, мемлекетке де кез келген есептік датада МЖӘ-ның жасалған келісімшарттары бойынша, сондай-ақ салалар, өңірлер кескінінде жоспарланған жобалар бойынша жедел әрі нақты ақпарат қажет екенін атап өтті.

 «Бізге МЖӘ экожүйесін құру қажет. Бізге МЖӘ жобаларын сандарда көру қажет, олардың құқықтық құрылымын, мемлекеттік және жекеменшік әріптестердің қатысуын, іске асыру кезеңдерін көру қажет. Бізге іске асырылған үлгілер және проблемалық кейстерді байқау керек. МЖӘ цифрлық платформалары Ресей және басқа елдерде бар. Мәселені ағымдағы ахуалда жылдам шешу қажет», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева.

Бақылаушы органдардың келісімшарттарды жасау және келісімшарттық міндеттемелерді орындауға қажетті бақылаудың жүргізілмегені туралы тексеру нәтижесі «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасарының сөзін растайды.

 Юлия Якупбаеваның пікірінше, МЖӘ цифрлық платформасының маркетплейсі ірі инвесторларға МЖӘ жобаларын іздеу, ашық емес баға белгілеу мәселелерін шешу, МЖӘ жобаларына кейс-талдау жүргізуге көмектеседі.

 «Тұтастай алғанда мұндай формат мемлекеттік құрылыммен салыстырғанда көбірек тиімділік береді. Біз ресейлік платформа пайдалансын деп айтпаймыз. Біз басқа тәжірибені қарай аламыз. Отандық ІТ-қоғамдастықтың әлеуетін қолдану керек», – деді Юлия Якупбаева.

«Атамекен» ҰКП ІТ-саласы комитетінің төрағасы Болат Башеев спикердің сөзін растап, Қазақстанда тәжірибелі және МЖӘ саласын цифрландыруды жүзеге асыруға дайын ІТ-компаниялардың барын айтты.

«МЖӘ Қазорталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдос Кобетовтың айтуынша,  цифрлық платформаны құруды талқылау былтырдан бері жүріп жатыр.

 «Қазорталық және Ұлттық экономика министрлігінің бірелсуімен осы бағытта жұмыс жүргізілуде. Біз қазақстандық, сондай-ақ ресейлік әзірлеушілерден бағалық ұсыныстарды сұраттық», – деді Айдос Кобетов.

 Қазақстан ІТ-компаниялары қауымдастығының президенті Нұрлан Исин қазақстандық ІТ-компаниялардан ұсыныстарды сұрау туралы ақпаратты жоққа шығарды.

 «Біздің қауымдастықтан ешкм ұсыныс сұраған жоқ», – деді Нұрлан Исин.

 Юлия Якупбаева МЖӘ Қазорталығы және ІТ-компаниялар қауымдастығымен бірлесіп, цифрлық платформа құру жөнінде техникалық тапсырманы әзірлеуді ұсынды.

Қорытындылай келе, Аманжан Жамалов ҚР Ұлттық экономика министрлігі тарапына МЖӘ туралы заң жобасына қатысты сын айтты.

 «Осы заң жобасының мақсаты мен мәні неде? МЖӘ дамуын немен жақсартудамыз?» – деп сұрады министрлік өкілдерінен.

 Осыған дейін өткен жиында «МЖӘ мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңы Тұжырымдамасының жобасы және аталған жобаға бизнестің ұсыныстары қаралды.

 «Өткен жиында инвесторлар тәуекелдері, банк тәуекелдеріне қатысты бөлікте түзетулер енгізіледі деп келістік. Жобаларды қарау мерзімі оңтайландырылады. Жобаларды құрылымдау, мемлекет тарапынан мониторинг жүргізу бойынша шешім ұсынылды», – деп атап өтті Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов.

 Жиын қорытындысы бойынша Аманжан Жамалов Ұлттық экономика министрлігі және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына бизнестің қатысуымен МЖӘ туралы заң жобасына цифрлық платформа бойынша тиісті түзетулерді және оны әзірлеуге техникалық тапсырма дайындауды ұсынды.

 «Цифрландыру арқылы барлық процестердің ашықтығын арттыру орынды», – деді Аманжан Жамалов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер