«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жаңаөзенде «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алуларын жергіліктендіру бойынша жоба алғашқы нәтижелерін берді

2020 жылғы 18 Ақпан
- Маңғыстау облысы
7848 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ (ары қарай – Қор) және Маңғыстау облысы әкімдігінің Жаңаөзен қаласында жаңа жұмыс орындарын құру бойынша бірлескен жобасы алғашқы нәтиже берді

 Жобаның негізгі мақсаты «Өзенмұнайгаз» АҚ және Қор құрылымындағы басқа да компаниялардың сатып алуларына кәсіпкерлерді тарту. Жұмыс орындарын құру ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен іске асырылуда.

Жұмыс орындарын  құруға қолайлы жағдай жасау үшін Қордың осы моноқалада орналасқан еншілес компаниялардың сатып алуларына қатысатын кәсіпорындарға ерекше жағдай жасалды – Жаңаөзен қаласындағаы жұмыссыз тұрғындарды жұмыспен қамтығаны үшін кәсіпорындарға ортамерзімі 36 айды құрайтын ұзақ мерзімді сатып алуларға қатысу мүмкіндігі жасалады. «Самұрық-Қазына» АҚ-тың 2020 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген сатып алу қызметін басқару стандарты Қордың еншілес компанияларын моноқалаларда ұзақ мерзімді сатып алуды жүзеге асыру жөніндегі регламентімен толықтырылды.  

«Жергілікті тауар өндірушілерді тарту жөніндегі жоба шеңберінде біз «Өзенмұнайгаз» АҚ-пен келісімшарт жасадық. Жаңаөзен қаласының жұмыссыз 40 тұрғынын жұмыспен қамтуға дайынбыз: жұмыспен қамту орталықтарының тізімінен іріктеуді бастаймыз. Іріктеу ашық жүргізіледі, біліктілігі бар, жұмыс істеуге ынталы, қайта оқуға дайын адамдарға таңдау жасалады. Жергіліктендіру бойынша жоба пилоттық болуына қарамастан біз сауда алаңдарын көшіру бойынша шығындарды көтереміз, еңбекақы мөлшері қажетті деңгейде бәсекеге қабілетті болады, – деп атап өтті «Каскор Машзавод» АҚ бас директоры Болат Архаров. – біз басқа тауарлардың жеткізілуін алмастыруға дайынбыз. Жергіліктендіру бойынша бастаманы қолдаймыз, жергілікті бизнес-қоғамдастық тауармен қамту және импортты алмастыруға барынша дайын».

2019 жылы желтоқсанда сатып алулардың әлеуетті қатысушыларын  алғашқы таныстырылымнан бері өңірлік жұмыс тобына Маңғыстау облысындағы 29 компаниядан тауар, жұмыс және қызметті жергіліктендіру бойынша 36 өтінім келіп түсті. Еңбекақының орташа деңгейі – 130-150 мың теңге.

 Қазіргі таңда 200 жұмыс орнын құрумен 4 келісімшарт жасалған. Жаңаөзендегі жұмыспен қамту органдарында 2200 жұмыссыз тіркелген. Болжан бойынша өндірісті жергіліктендіру бойынша жоба моноқаланың 1000-ға жуық тұрғынын қамтуға көмектеседі.

 «Өзенмұнайгаз» АҚ-тың 2020-2025 жылдарға арналған сатып алулары жоспары

 

1.«Суды өндіру және тасымалдау жөннідегі басқарма» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

2. «ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

3.  «KMG EP-Catering» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

4. «Кен-Курылыс-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

5. «Қазақ газ өңдеу зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

6. «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы

 

Жобаға қатысу мәселелері бойынша Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасына хабарласуды сұраймыз ( Ақтау қаласы, 35 ы/а, 203-кабинет) колл-орталық: 1432, жауапты маман:  Еділхан Уәлихан, жұмыс телефоны: 8 (7292) 304040 ішкі:  4718, сот: +77088011001)


Еншілес ұйымдар

Серіктестер