«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Биржалық ойындар» саланың биржа саудасында қандай проблемаларға тап болатынын көрсетеді» – Данияр Абылғазин

2020 жылғы 21 Қазан
3855 просмотров

2019 жылдан бастап Қазақстанда отандық мұнай өңдеу зауыттарында өндірілген мұнай өнімдерін тауар биржалары арқылы  ішкі нарыққа сату жоспарланған. Негізгі идея – отынды бөлу процесін ашық ету әрі осы процестегі мемлекеттің қатысуын барынша төмендету болды

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы жанындағы Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің төрағасы Данияр Абылғазин нарық биржалық саудаға оң көзбен қарайтынын айтты. Бірақ заңнамадағы керағар тұстарды алып тастап, биржа алаңдарын таңдауға жауапкершілікпен қарау қажет.

ҚР Энергетика министрінің орынбасары Әсет Мағауовтың айтуынша 18 тауар биржасы – сауда-саттықты тиімді ұйымдастыруда тым үлкен сан. Сондай-ақ салалық мемлекеттік орган биржаларға, сауда-саттыққа рұқсат беру мәселелеріне біліктілік талаптарын қатаң қоюды сұрайды.

  «Біз Сауда министрлігімен бірге биржаларға іріктеу жүргізуіміз керек, өйткені сауда-саттыққа қатысушылар алаңдардың сенімді екеніне көз жеткізуі тиіс. Біз салалық министрлік ретінде биржаларды іріктеу жөніндегі комиссияға арналған нормаларды бекітуге дайынбыз, алайда бұл мәселеде келіспеушілік бар. Ережелерді ҚР Сауда және интеграциялау министрлігі бекітуі керек, ал биржалық сауда жаңа Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің құзырында», – деді Комитет отырысында Әсет Мағауов.

 Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары биржалық саудаға арналған мұнай өнімдерінің тізімін кеңейтті. Сонымен бірге, ҚР «Тауар биржалары туралы» Заңына сәйкес биржалық тауарлар тізіміне енгізілген өнімді тауар биржаларынан тыс сату жарамсыз болып танылуы мүмкін.

 «Бұл заңнамадағы кереғар түсінікті мүдделі мемлекеттік органдармен бірге қарастыру керек», – деді ҚР Энергетика министрінің орынбасары.

 Данияр Абылғазиннің пікірінше, бағаларды тұрақтандыру және биржаға ойыншыларды тарту үшін бағаны қалыптастырудың қалыпты экономикалық құралы қажет, ол өндіру, шикізатты зауытқа жеткізу, өндіру, мұнай өнімдерін базаларға, содан кейін бөлшек саудаға жеткізуге кететін барлық шығындарды ескеруі керек.

«Жыл соңына дейін нәтижелерді көріп, соның негізінде заңнамалық базаны жетілдіріп, қандай олқылықтардың барын көру үшін «биржа ойындарын» жүргізу керек. Бізге биржалық сауданың деңгейін 10-15%-ға жеткізу керек, басқа жағдайда объективті баға индикаторларына қол жеткізе алмаймыз», – деді Данияр Абылғазин.

Комитет отырысында ҚР Экологиялық кодекстің жаңа жобасы мәселесі көтерілді. Атап айтқанда, мұнай-газ және металлургия салалары іліспе заң жобасы Экологиялық кодекстен бөлек қаралады деп алаңдаулы.

 «Кодексті жыл соңында қабылдау жоспарланған, бізде Ең жақсы қол жетімді технологияны енгізу үшін 5 жылдық өтпелі кезең болады. Алайда келесі жылдың басынан сәйкес заңнамаға түзетулерді талқылауды бастауды қалаймыз, өйткені салалар өзгерістерге дайын болуы керек», – деді KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Болат Ақшолақов.

 «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Евгений Больгерт ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің атына ҰКП салалық комитеттері және қауымдастықтардың позициясы көрсетілген хатты дайындағанын айтты. Жақын арада бизнеске қатысты экологиялық заңнамаға енгізілетін ең өзекті түзетулерді талқылау кестесі келісіледі.

 Жиын барысында мұнай өнімдерін бөлшек сату нысандарына бақылау-есептеу құрылғыларын қоюға байланысты мәселе қаралды.

 «Қазіргі кезде бақылау-есептік құрылғылар операторы болып «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ  анықталды, енді бізде мәселелер туындауда. Жүйеге берілуі керек көрсеткіштерді өкізу кезінде «ҰАТ» АҚ бақылау-есептік құрылғыларына қызмет көрсету үшін ай сайын бір құрылғыға 4 150 абоненттік төлеммен келісімшарттар жасау қажеттігін айтады. Кәсіпкерлерге мемлекеттік кірістер комитеті базасында деректердің болмауына немесе олардың кеш түсуіне байланысты айыппұл салынады. Әр жанармай құю станциясында шамамен 3-8 бірлік бақылау-есептік құрылғысы бар деп есептесек, ал ел ауқымында 3300 мыңнан астам жанармай станциясы бар, онда жыл сайынғы абоненттік төлемдер мөлшері шамамен 1 млрд теңгені құрайды. Мәселен, біздің компаниямыз бойынша абоненттік төлем жылына 100 млн теңгеден асуы мүмкін. Нәтижесінде бұл шара түпкі тұтынушы үшін өнім бағасының өсуіне әкеп соғады», – деді «PetroRetail» ЖШС бас директоры Төлеміс Шотанов.

 Кәсіпкерлер бақылау-есептік құрылғылар нақты нәтиже бермейтінін айтты, өйткені құрылғылар технологиялық ерекшеліктерді ескермейді, көрсеткіштердегі олқылық өте жоғары. Өңірлерде интернет нашар, деректерді жүйеге жіберуде проблемалар туындайды.

 Қорытындылай келе, Данияр Абылғазин Ұлттық палата алаңында нарық, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті және «ҰАТ» АҚ өкілдерінің қатысуымен аталған мәселені егжей-тегжейлі талқылауды ұйымдастыру қажеттілігін атап өтті.

 «Уақыт өтіп жатыр, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңның талаптарына сәйкес, 2021 жылдан бастап бақылау-есептік құрылғыларына толықтай көшу керек.  Жақын екі аптада кездесу өткізіп, даулы мәселелерді шешіп көруге тырысайық», – деп аяқтады Данияр Абылғазин.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер