«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстан кәсіпкерлерінің жеке кәсіби мерекесі белгіленбек

2021 жылғы 20 Қазан
7387 просмотров

Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігі Үкімет қаулысының тиісті жобасын әзірлеуге кірісті. Қаулы бекітілген соң күнтізбеде жаңа мерекелік дата  – 9 қыркүйек – «Қазақстан кәсіпкерлерінің күні» пайда болады.

Кәсіби мереке – бизнес қоғамдастықтың еліміздегі басты қозғаушы күштердің бірі екенінің дәлелі. «Атамекен» ҰКП мамандарының пікірінше, Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде кәсіпкерлік қауымдастық экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, экономикалық реформаларды жүзеге асыруға белсенді қатысады, әлеуметтік өмірде үлкен рөл атқарады.  Осылайша мемлекет ел дамуына үлес қосып жатқан бизнес-қоғамдастықтың маңызын ерекше атап өтеді. 

Кәсіпкерлер мерекесі жеке ісін бастап, табысқа жеткен, қиындықтарға қарамастан жұмыс орындарын ашып, көптеген адамға көмектескен азаматтарға алғыс білдіріп, құрмет көрсетуге бағытталған. 9 қыркүйек, кәсіпкерлер күнінде өз бизнесін ашып, қоғам дауына үлес қосқан,  қайырымдылық іс-шараларды, бизнес жүргізудің әлеуметтік және этикалық практикасын ілгерілеткен азаматтардың еңбегі аталып өтіледі . Инновациялар, лидерлік мәселелері, сондай-ақ кәсіпкерліктің өзекті проблемаларына назар аударылады.

Кәсіби мерекені ресми түрде бекіту  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен жүзеге асты. Биыл тамызда Ұлттық палата осы идеяны үкімет қарауына шығарды. ҰКП мамандары Қазақстан кәсіпкерлер күні – мыңдаған қазақстандық үшін расымен маңызды екенін атап өтті. 

Айтулы дата біріктіруші фактор болады. Соңғы екі жыл кәсіпкерлер үшін оңайға соқпады. Пандемия өндірісті қысқарту, қызметті оңтайландыру, басқару моделі, бизнес форматын өзгертуге мәжбүрледі. Бүгінгі бизнесмендер – көптеген кедергіге қарамастан кәсіп дөңгелетіп, күні-түні еңбек еткен нағыз батырлар. 

Бизнесмендердің айтулы күні бірталай елдерде атап өтіледі. Айталық, АҚШ, Үндістан, ҚХР, сонымен қатар көршілес Ресей, Беларусь, Украина, Әзірбайжан, Қырғызстан, Арменияда кәсіпкерлердің кәсіби мерекесі бар. Осы күндері салалық көрмелер, презентациялар, оқу семинарлары мен консультациялар, тренингтер мен дөңгелек үстелдер, жәрмеңкелер ұйымдастырылады, үздік кәсіпкерлер марапатталады.   

Бұдан бөлек бизнес саласында екі халықаралық мереке: 15 сәуір – кәсіпкердің халықаралық күні және 21 тамыз – дүниежүзілік кәсіпкерлер күні аталып өтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер