«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Таразда қызғалдақтарға мереке арнайды

2017 жылғы 24 Мамыр
- Жамбыл облысы
7983 просмотров

Қызғалдақ – Жамбыл облысының туристік брендіне айналуы тиіс. Мұндай сенімді пікірді 16 маусым күні Тараз қаласында өтетін қызғалдақтарға арналған іс-шаралардың ұйымдастырушылары білдіріп отыр.

Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы Жамбыл облысы әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы «Тараз-Туризм» Туристік ақпараттық орталықтың жетекшілігімен қызғалдақтарға қатысты далаларда нақты тексеру жұмыстары, семинар, қызғалдақтар туралы аңыздар, фотокөрме мен сәндік-қолданбалы өнер көрмесі және өзге де мерекелік шаралар легі өткізілмек.

Бүгінде өңірде құрылған арнайы комиссиямен туристік индустрияны дамытуда эстетикалық-экологиялық маңызы бар қызғалдақтардың табиғи ландшафтары анықталды. Алдағы уақытта карта-схемалар дайындалып, «Жамбыл облысының қызғалдақтары» ақпараттық бюллетень мен туристік жол бағдарым құрылатын болады.

Сонымен қатар, «Қызғалдақтардың табиғи мұрасы – Жамбыл облысының туризм бағытында дамуында басым бағыттың бірі» тақырыбында семинар өтіп, оған туроператорлар, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Туризм және сервис»  кафедрасының оқытушылары, «Тараз-Туризм» Туристік ақпараттық орталықтың қызметкерлері, туризм саласында жұмыс істейтін мемлекеттік мекемелері мен Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері қатысты.

Семинарда қызғалдақтардың табиғи мұрасын сақтау мен қолданудағы проблемалар, облыс территориясында ерекше қорғалған экологиялық және эстетикалық туризм мен өзге де тақырыптар талқыланды.

Ресейлік жаратылыстану академия профессоры, б.ғ.к. – Анна Иващенко, Қазақстан Республикасының туризм саласында еңбегі сіңген қызметкер, эксперт Бахыт Оразымбетова, п.ғ.к. Олег Лютерович, ҚазАСТ туристік ақпараттық-әдістемелік орталықтың жетекшісі, ҚР  туризм саласында еңбегі сіңген қызметкер – Олег Лютерұлы сынды білікті лекторлар баяндады. Олар табиғи-ландшафты қызғалдақтар ескерткіштерін сақтау бойынша ұсыныстар жасады.

«Қазақстан – қызғалдақтардың Отаны» - дейді Анна Иващенко. Айтуынша, Қазақстанның жабайы қызғалдақтары -  ол біздің баға жетпес құтымыз, қызғалдақтардың 35 түрінің 18-і Қазақстанның Қызыл кітабына енген.

Ендігіде ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарына маусымның 16 күні өтетін қызғалдақтар мерекесін сыйламақ.

«Іс-шаралар аясында бірқатар байқауларды өткізуді жоспарлап отырмыз, - дейді Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Мәріпбек Шәкербек. – Олардың арасында «Қызғалдақтар туралы аңыздар» байқауы – қызғалдақтар туралы әдемі, сыршыл, қызықты әңгімелер, қызғалдақтар туралы көркем фотосуреттер фотобайқауы мен «Қызғалдақтар» сәндік-қолданбалы өнер көрмесі».

Директордың айтуынша, мұндай іс-шаралар Жамбыл облысы мен Тараз қаласында туристік имидж бен туристік ортаны қалыптастыру үшін керек. Сонымен қатар, қызғалдақтарды – Жамбыл облысының бренді ретінде танымал ету үшінде маңызды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер