Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі
Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі Өңірлік кәсіпкерлер палатасының тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші органы болып табылады.
Кеңестің басты міндеті – іскерлік ортада белсенділігін арттыру мақсатында әйелдерді бір одаққа біріктіру. Кеңестің өз алдына қойған басты мақсаты – қыз-келіншектерді мүмкіндігінше кәсіпкерлікке тарту.
Кеңестің міндеті:
- Кәсіпкер әйелдің экономикалық белсенділігін ынталандыру;
- Әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамыту, олардың нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
- «Іскерлік әрі әлеуметтік белсенді әйел» мәртебесін жоғарылату;
- Әйелдерге арналған жаңа жұмыс орындарын ашу, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамту жағдайында да жұмыс орнымен қамтамасыз ету;
- Бизнес ортада гендерлік тепе-теңдік.
Ақшалова Айгүл Сағымбекқызы
Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы
Ақшалова Айгүл Сағымбекқызы – Жамбыл облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы
• 1972 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген
• «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша Жамбыл педагогикалық училищені тәмамдаған
• «Маркетинг» мамандығы бойынша Қазақ қатынас жолдары университетінде оқыған (Алматы қаласы)
• Еңбек жолын 1987 жылы Жамбыл қаласының №11 Орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастайды
• 1991 жылдан бастап осы күнге дейін кәсіпкерлікпен айналысып келеді. Бүгінде Айгүл Ақшалова «Марракеш», «Турксіб» мейрамханалық кешендері және «Монтерей» кофесінің иесі
• 2016 жылдан бастап Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің Жұмыс тобының мүшесі.
2017 жылдың қаңтар айынан бастап Жамбыл облысы ӨКП Іскер әйелдер кеңесіне қарасты туризмді дамыту салалық тобын басқарып келеді.