«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Идеялар жәрмеңкесінде» құны миллионнан асатын жобалар қорғалды

01 Қараша 2018 - Жамбыл облысы
416 просмотров

Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасында 8 қазан күні басталған «Жас кәсіпкерлер мектебі» жобасы аяқталды.

Жобаға 18 бен 29 жас аралығындағы 65 адам қатысты. Бұл жоба жастардың инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін оятып, жастарды кәсіпкерлікке баулу,    жас кәсіпкерлердің құзыреттік деңгейін көтеруге бағытталған. Жоба қатысушыларға кәсіпкерлік негіздерін, бизнес-жоспар дайындауда консультативтік қызмет көрсету, бизнес-жоспарларды қорғау алаңын ұйымдастыру, «Идея жәрмеңкесі» байқауын өткізуді көздейді.

Қатысушылар оқу барысында бизнестің қыр-сырын меңгеріп, болашақта жүзеге асырғысы келетін жобаларын комиссия алдында қорғап шықты.

Жаңашылдығы, әлеуметтік маңызы жағынан сәйкес келетін 4 қатысушының жобасы іріктеліп алынды:

  1. «Кар-алма» тау-шаңғы курортында туристік қызмет көрсету;
  2. «Жамбыл облысының тозған және тұзды жерлерінде фосфогипс және көң негізінде биомелиорант-өнімнің жаңа түрін енгізу»;
  3. «Фетрден балаларға арналған дамыту кітапшалары мен ойыншықтарын өндіретін шағын цех»;
  4. «Пластикалық қалдықтарды қайта өңдейтін шағын цех».

Комиссия мүшелерінің бірыңғай шешімімен 26 жасар Дәулет Егембердиевтің жобасы бірінші орынға ие болды және Гранттық қаржыландыру бағдарламасына ұсынылатын болады.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің докторанты Дәулет Егембердиев топырағы тозған егістік алқаптары мен тұзды жерлерді қалпына келтіретін жаңа биемелорант ойлап тапқан. Қазақстанда ауыл шаруашылығы өндірісінде 2 миллион гектар егістік алқабының топырағы тозған. Тозған топырақты тиімді пайдалану үшін биомелиоранттар мен органикалық тыңайтқыштарды қолдану қажет.

«Тұзды жерлерде топырақтың құнарлылығын қалпына келтірудің тиімді әдістерінің бірі жаңа биомелиорантты пайдалану болып отыр» – дейді жоба қатысушысы.

 Бұл әдісті жүзеге асыру үшін жолы  өте қарапайым. Энергия үнемдеуші, компоненттер жергілікті шикізат ресурстарынан құралған. Бір килограмм биомелиоранттың өзіндік құны – 16 теңге.

Оның айтуынша биомелиорантты пайдаланғаннан кейін егістік өнімділігі 30-50 пайызға дейін артады.

Келесі тартымды жоба «Фетрден балаларға арналған дамыту кітапшалары мен ойыншықтарын өндіретін шағын цех» ашу. «Жас кәсіпкерлік мектебінің» қатысушысы Сырғалым Тойбаева қазірде декреттік демалыста. Бала күтімімен үйде отырған жас ана киізден балалардың ақыл-ойын дамытуға бағытталған түрлі ойыншықтар тіге бастаған. Кейін балабақшалар мен ата-аналар тарапынан сұраныс түсе бастағанын байқаған ол тапсырысқа ойыншықтар мен кітаптар тіге бастайды.

«Біз 1000 теңгеден бастап 25000 мыңға дейінгі қаражат аралығында ойыншықтар әзірлейміз. Яғни, түтынушының қалтасының қалыңдығына байланысты кез келген тапсырысты қабылдаймыз» – дейді жас кәсіпкер.

Ол жас кәсіпкерлер мектебінің арқасында түрлі тың идеялармен танысып, болашақ бизнесменге қажет қасиеттерді меңгеріпті.

«Байқауда бағын сынаған әр қатысушының тыңғылықты дайындалғаны көрініп тұр. Есеп-қисаптары, маркетингтік жағынан есептелуі, шығын мен кіріс, жүзеге асыру орны тиімді таңдалған, бизнес бастаудағы барлық жайттар жан-жақты қамтылған. Бұл ең әуелі Кәсіпкерлер палатасы бизнес-тренерінің еңбегі» – дейді, Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасының қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Диана Түкпетова.

 

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер