«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Қара құрдымсыз» ашық аспан

2015 жылғы 11 Маусым
11262 просмотров

Соңғы жылдары Қазақстанның туристік нарығының тынышы кетті. Ірі ойыншылар банкротқа ұшырауда, бизнес иелері «кассаны» ала салып, елден қашуда. Осының барлығы туристік фирмалардың абыройын төгуде. Олардың бір бөлігі мұндай соққыға шыдамай жабылып та жатыр. ҚТАҚ (Қазақстанның Туристік Агенттіктер Қауымдастығы) ресми өкілі Денис Кривошеевтің пікіріншеегер бұл салаға араласпайтын болсақ, 2,5 мың агенттік жұмыс жасайтын экономика саласы 2-3 жыл бойында жоғалып кетуі мүмкін. Шамамен 25 мың адам жұмыссыз қалады.

- Соңғы үш жылда не болып жатқанына қараңызшы: «On Travel», «Гүлнар – Тур», «Алмаз туризм» сияқты ірі ойыншылар күйрегеннен кейін, енді тіпті «Travel System» осы қатарда, бизнес жыл сайын ондаған миллион доллардан айрылуда. Ал мұның төмен маржиналдық нарық екенін ескерер болсақ, кәсіпкерлердің өте үлкен көлемі зардап шегуде.

ҚТАҚ оқиға орын алғанға дейін бір апта бұрын Travel System компаниясының банкротқа ұшырау қаупі төніп тұрғанын ресми түрде ескерткен дейді. Неліктен ешкім ешқандай шара қолданбады?

Бізге құлақ аспады және бастапқыда тіпті ештеңе түсінбейсіңдер, нарықта бұлік шығарып отырсыңдар деп айыптады. Осының алдында қаупіміздің қаншалықты шындыққа жанасатынын түсіну үшін, Travelsystem басшысы Роман Ханмен кездескен болатынмын. Ол еш түйткіл жоқтығына сендіргісі келді. Алайда олардың SCAT авиакомпаниясымен арадағы түйткілдері мен қарыздары жайлы білген болатынбыз.

-  …Бір апта өткен соң «Х» сағаты соқты. Қалайша алғаш рет жылдам жауап қатып, жағдайды қолға алып үлгердіңіздер?

Заңнамадағы өзгертулердің арқасында кімнің кімге қанша қарыз екенін түсініп, анықтай алдық. Туристік агенттіктер мен туристік операторларға бөліну жүйеге ашықтық берді. Travel System компаниясының күйрегені жайлы белгілі болғаннан кейін біз қысқа ғана уақыт ішінде, тіпті бір түн ішінде, барлық зардап шеккендер бойынша тізімдерді жинақтадық. Кімнің қайда жүргенін біліп отырдық. Жедел штабымыздың жұмысына серіктестер, мемлекеттік органдар қосылды. Мәселені орнында реттеу үшін, бір өкілімізді Түркияға жібердік. Чехиялық өкілдермен де тығыз жұмыс жасап жатырмыз. Барлық шұғыл мәселелер шешілді. Адамдар үйлеріне оралуда. Жедел араласу, ҚТАҚ уақытында болған дағдарысқа қарсы іс-шаралары дүрлігуге жол  бермеуге және көптеген жағымсыз салдарларды болдырмауға көмектесті.

Сіздің ойыңызша, жағдайды орнына келтіру үшін не істеу керек?

Өзіндік ерекшелігі көп нарық. Онда ойын ережелері, кіріспелер мен айнымалылар көп. Оған мемлекеттің араласуы жағдайды ушықтырып жібереді. Туристік бизнесте екі басты түйткіл бар. Олардың бірі – қымбат авиаұшулар. Бәсекелес авиакомпаниялар үшін аспанды «ашу» керек. Егер бұл нарыққа жаңа ойыншы-лоукостерлер кірсе – тамаша болады. Екінші түйткіл – сақтандыру. Біз туристерді үш басты тәуекелден сақтандыруды ұсынамыз: ұшпай қалудан, - егер компания қаражат бөле алмаса, ол кез-келген сәтте билет сатып алып, жетіп алған соң сақтандыру компаниясы арқылы жұмсаған қаражатын талап ете алады, - сондай-ақ ұшып жеткен соң қонақ үйге кіргізбеу және т.б. Бұл – сақтандыру компаниялары үшін жағымды әрі жаңа құрал. Өзін өзі реттеу мен сақтандыру ғана нарықты кез-келген оқыс оқиғалардан құтқарып, бәрін орын-орнына жайластырады. Сақтандыру компанияларына қандай туристік компаниялардың сенімді екені, қайсысына сенуге болмайтыны анық көрініп тұрады.

Осы ұсыныстармен, заңнамаға нарықтағы жаңа қарым-қатынастарды реттемелейтін модульдық түзетулерді бірге дайындау үшін, ҰКП-ға жүгінгіміз келеді. Сонда Туризм туралы жеке заңнамаға деген қажеттілік болмайды. Ол қажет те болмай қалады, себебі бәрі сақтандырылады, ал бұл – АІК (Азаматтық Іс жүргізу Кодексі). Барлық кәсіпкерлер АІК аясында әрекет етіп жүргендей, туристік нарық та бейіндік заңдарсыз қызмет етуге тиіс. Егер қазір осыны жасамасақ, 25 мың адам далада қалады. Бұл негізінде жоғары білімді, бірнеше тіл білетін, белсенді экономикаға тартылған әйел адамдар. Иә, олар әзірше «әкету» жұмыстарын жүргізуде. Алайда уақыты келгенде олар «әкелуге» жұмыс жасап, басқа елдерден туристер әкелетін болады. Сонда бізге экономиканың бүтін бір қабатынан айрылу қаупі төніп тұр.

Осындай қиын кезеңде нарықтың барлық қатысуышларының шоғырланғаны маңызды. Ол үшін Туристік салалар Одағы тіркелуде. Оған барлық қауымдастықтар, туристік операторлар, агенттіктер мен қонақ үй иелері кірмекші. Бас біріктіргенде ғана барлық қиындықтарды жеңіп, туристік нарықты реформалай аламыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер