«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бастау»: 1800-ден астам павлодарлық бизнес негіздерін оқыды

2019 жылғы 24 Қаңтар
- Павлодар облысы
11130 просмотров

Кешегі жұмыссыз қалай кәсіпкер бола алады? Көп адам қажетті білім, сонымен қатар қаржы жағы болмаса, кәсіпкер болу екіталай деп есептейді.

«Бәрі дұрыс. Осы және өзге де мәселелерді шешу – «Бастау» жобасының міндеті», – дейді ӨКП Қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Әнел Жампейісова.

 2017 жылдан бастап өңірде «Бастау» жобасы іске асуда. Егер пилоттық жобада бес аудан қамтылған болса, 2018 жылы қатысам деушілердің көптігі есебінен адамдар жобаға облыстың барлық аудандарынан қатысты. Әнел Жампейісова жобаны жүзеге асыру үдерісі қалай жүріп жатыр, кім қатыса алады, «Бастаудың» өзге оқу курстарынан айырмашылығы бойынша әңгімелеп берді.  

– «Әнел Амангелдіқызы, айталық мен жеке кәсіп ашқым келеді. Алайда, бірқатар себептермен бірінші қадам жасауға батылым жетпейді. Айтыңызшы бастапқы білімді қайдан алсам болады? Және нарықтағы бос салалаларды қалай анықтаймын?

– «Бастау» жобасы «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерелікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жүзеге асуда.  Жоба мақсаты – кәсіпкерлік қызметке тарту арқылы тұрғындардың экономикалық сауаттылығын арттыру, жаңа кәсіпорындарды ашу, бизнес-жоспарды құруға көмектесу. «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы қаржылай емес қолдаудың операторы және «Бастау» жобасы бойынша бизнес негіздерін оқыту бойынша жұмыс атқаруда. Жобаға өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар және бастауыш кәсіпкерлер қатыса алады. Яғни кәсіпкерлікте жеке әлеуетті жүзеге асыру қиынға соғатын категорияға арналған. 2018 жылы жоба облыстық орталық, барлық аудандар, сонымен қатар Ақсу мен Екібастұз қалаларын қамтыды.

 –Кәсіп ашқысы келетін павлодарлықтар арасында «Бастау» қаншалықты сұранысқа ие?  

–2018 жылы оқудың 5 легі өтті, онда 1829 адам оқыды. Оқу қорытындысы бойынша 1534 қатысушы дайындалып, бизнес-жоба  облыстық комиссия алдында қорғалды. «Бастау» бойынша  жалпы сомасы 843,3 млн теңгеге жобалар қаржыланды. Бұдан  бөлек  726 қатысушы грантқа ие болды.  

Сөзсіз, жоба кәсіп ашқысы келетіндерге жақсы қолдау береді. Оқу және сүйемелдеумен қатар бизнес-жобаны жеңілдікпен  қаржыландыру кәсіпкер үшін сүбелі көмек.

Бұл бағытта «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының рөлі ерекше. Қор – Ұлттық кәсіпкерлер палатасының серіктесі.  Қор ауыл шаруашылығын өндірушілер үшін бірқатар тиімді бағдарламаларды жүзеге асырады. Аталған қаржы институтының атсалысуымен көп ауыл тұрғыны идеяларын кәсіпке айналдырды. Осылайша 2018 жылы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы «Бастау» жобасы сертификатымен жалпы сомасы 697,1 млн теңгеге 200 жоба қаржыландырылды. Қор ұсынған бағдарламалар арасында «Кәсіпкер» және «Игілік» сұранысқа ие.

«Бастау» жобасына қатысу мәселелері бойынша Кәсіпкерлер палатасынан мына нөмір арқылы білуге болады: 66-03-11, ішкі: 5511, 5560.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер