«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті жекешелендіріледі

2015 жылғы 09 Шілде
16660 просмотров

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің акциялары саудаға қойылады

«Зерде» Ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі, ҚР Үкіметі 2014 жылғы 31 наурыздағы қаулысына сәйкес, «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ қарапайым акциялар пакетінің 33,349853 пайызы бәсекелес ортаға берілетінін хабарлайды.

Осыған орай «Зерде» холдингі дөңгелек үстел өткізіп, онда Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің қызметіндегі басты мәселелерді ашып көрсетуді жоспарлап отыр. Сатылатын акциялар пакетінің нарықтық құны мәлім болады деп күтілуде.

Мүдделі тұлғаларға, холдинг Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген «Зерде» Ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі» АҚ акционерлік қоғамдарда немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде қатысу үлесі немесе акциялар сату бойынша электронды сауда жүргізу ережелеріне» сәйкес, Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында электронды тендер өткізу процедуралары жайлы хабарланады.

Холдинг барлық мүдделі инвесторларды дөңгелек үстелге қатысуға шақырады.

«Дөңгелек үстел» отырысы 2015 жылғы 24 шілдеде Астана қаласы, Алматы көшесі, 1, «Асыл Тау» БО, 11 қабат, конференц-зал мекенжайында, сағат 11:00-де өтеді.

Байланысушы тұлғалар:

Мәдрайымов Ғалым Ерланұлы – Корпоративтік қаржы департаментінің директоры, телефондар: жұмыс 570-892, ұялы 8-707-799-29-76, email: gmadraimov@zerde.gov.kz

Әлиасқаров Нұрболат Әлиханұлы – Корпоративтік қаржы департаментінің бас менеджері, телефондар: жұмыс 570-873, ұялы 8-705-583-60-42, email: naliasharov@zerde.gov.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер