«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алтын кен орны сатылады!

2015 жылғы 13 Шілде
13941 просмотров

«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамына тиесілі «Майқайыңалтын» АҚ акцияларының 25% пакетін сату бойынша голландық сату әдісімен өтетін электронды аукцион жайлы хабарлайды. Аукцион Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында 2015 жылғы 28 шілдеде сағат 10:00-де (Астана уақыты) басталады.

Сатылым «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (және 50%-дан астам дауыс беретін акциясы (қатысу үлесі) тікелей не жанама түрде меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығында «Самұрық-қазына» акционерлік қоғамына тиесілі ұйымдар) активтері мен нысандарын өткізу ережесіне» және «Ақпараттық есеп орталығы» АҚ Директорлар кеңесі шешімімен бекітілген Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталындағы мүлік сату бойынша Электронды сауда жүргізу Реттемесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Актив атауы

Меншік иесі

Қызмет түрі

Орналасқан орны

Бастапқы баға, теңге

Ең төменгі баға, теңге

Кепілдікті жарна, теңге

1

«Майқайыңалтын» АҚ

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Алтынды кендерді барлау және өндіру

Павлодар обл.,

Баянауыл ауданы, Майқайың кенті,

Чкалов көшесі, 13.

6 001 107 585

600 110 758,5

59 460 000

Саудаға қатысушыларды тіркеу тізілім веб-порталында жүргізіледі және сауда басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.

Кепілдікті жарнаның кез-келген мөлшерін енгізуге жол беріледі, сонымен бірге кепілдікті жарна салушының тек осы кепілдікті жарнаны арнап салған нысанды сатып алуына ғана құқық береді.

Кепілдікті жарна «Ақпараттық есеп орталығы» АҚ есептік шотына аударылады: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 29 үй. Телефон: (7172) 30-98-24, iac@gosreestr.kz. БСН 050540004455, БСК KZKOKZKZ, ЖСК KZ52 9261 5011 0203 2004. «Казкоммерцбанк» АҚ Банкі.

Төлем мақсаты: электронды аукционға қатысу үшін кепілдікті жарна (кепілдікті жарна мөлшеріне банк қызметтерін төлеу кірмейді).

Электронды аукционды голландиялық сауда әдісімен өткізу тәртібі туралы ережемен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС және «Ақпараттық есеп орталығы» АҚ сайттарындағы көпшілікке қолжетімді Бірыңғай ережелер мен Реттемеде таныса аласыздар (аталмыш материалдарда тіркелуге қажет құжаттар тізбесімен таныса аласыз).

Электронды аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан қарауға болады немесе мына телефон арқылы сұрай аласыз: 8 (7172) 309-824, ішкі 211 («АЕО» АҚ), 8 (7172) 55-90-65, 8 (7172) 55-29-86 («Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС).

Нысан туралы егжей-тегжейлі ақпаратпен, сондай-ақ активтерді жүзеге асырудың Бірыңғай ережесімен төменде танысуға болады:

2012 жылғы аудиторлық есеп

2013 жылғы аудиторлық есеп

«Майқайыңалтын» АҚ кәсіпорнының төлқұжаты

«Майқайыңалтын» АҚ кәсіпорнының Жарғысы

Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік

«Майқайыңалтын» АҚ 25% акция пакетінің нарықтық бағасы туралы есеп

«Майқайыңалтын» АҚ саудасы туралы хабарлама

Активтерді сатудың бірыңғай ережесі


Еншілес ұйымдар

Серіктестер