«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамын өзгертті

2015 жылғы 15 Шілде
9534 просмотров

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов теңге бағамының долларға шаққандағы дәлізінің ұлғайтылғаны туралы мәлімдеді

«Валюта дәлізі саясаты ең оңтайлы әрі сындарлы деп есептейміз. Бірақ долларға қатысты айырбас бағамының ең жоғарғы шегіне жеткенін ескере отырып және орта мерзімдік келешекте инфляциялық нысаналауға көшу аясындағы біршама икемді әрі бірқалыпты бағам белгіленуін жүзеге асыру мақсатында Ұлттық банк айырбас бағамының ауытқу дәлізін ағымдағы 185 +3/-15-тен 185 +13/-15-ке кеңейтуге шешім қабылдады», - деді Келімбетов мырза.

«Ағымдағы жоспарлы саясат сақталған жағдайда қабылданатын жаңа дәліз біршама ұзақ уақыт қызмет етеді деп санаймыз», - деді ол.

Қайрат Келімбетов долларға шаққандағы теңге бағамының жаңа дәлізі бүгіннен бастап әрекет ететінін хабарлады.

Жанар Бiрлiкқызы


Еншілес ұйымдар

Серіктестер