«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Юань көмекке келе ме?

2015 жылғы 19 Тамыз
9466 просмотров

Сарапшылардың пікірінше: қытай ұлттық валютасының девальвациясы Қазақстан экономикасына қауіпті емес

Юаньнің соңғы құнсыздануы Қазақстан үшін салмақты зардап әкелмейді. «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ жетекші ғылыми қызметкері Мадияр Кенжеболат бүгін ОКҚ өткен брифингте осылай деп мәлімдеді.

«Шын мәнісінде құнсыздану қысқа мерзімдік кезеңде еш сезілдмейді деуге болады, себебі, егер 2014 жылдан бастап алар болсақ, юаньға шаққанда теңге 20% дерлік арзандаған, сондықтан да юаньнің 2-3% девальвациясы қысқа мерзімдік кезеңде еш әсерін тигізбейді», - деп түсіндірді Экономикалық зерттеулер институтының қызметкері.

Сарапшы Халықаралық валюта қорының аталмыш шараның юаньнің нарықтық баға белгіленуіне қызмет ететінін атай отырып, КХР билігінің осы девальвациялық қадамын мақұлдағанын да атап өтті. Мадияр Кенжеболаттың пікірінше, мұндай перспектива юаньнің орта мерзімдік келешекте СДР себетіне кіруіне мүмкіндік береді. СДР – Халықаралық валюта қоры айналысқа шығаратын жасанды сақтық және төлемдік қаражат. СДР төлем теңгерімі тапшылығын жабуға, резервтерді, ХВҚ кредиттері бойынша есептеулерді толықтыруға, төлемдік теңгерімдер сальдосын реттеуге қолданылады.

«Егер юань СДР себетіне кіретін болса, онда Қазақстан және Ұлттық банк үшін өзінің валюта қорларын әртараптандыру және кейін саудамызды тереңдету әрі кеңейту мүмкіндігі пайда болады», - деп атады Мадияр Кенжеболат. Экономикалық зерттеулер институтының өкілі сонымен қатар Қытайдың маңызы жөнінен Қазақстанның екінші сауда серіктесі болып табылатынын еске салды. «Қытайдың салыстырмалы бәсекелестік басымдылығы Қазақстанның экономикалық өсімін көтеруге мүмкіндік береді, яғни қатты құлдырамауға сеп болады», - деді сарапшы.

«Қытай әлемдегі шикізат тауарларын негізгі тұтынушы болып табылады, ал бұл осы шикізат тауарлары бағасының өсуіне мүмкіндік береді. Бұл да орта мерзімдік келешекте Қазақстанға оң әсерін тигізуі мүмкін», - деп түйді Мадияр Кенжеболат.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер