«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ОҚО бизнесінің миллиардқа жуық теңгесі сақталып қалды

2015 жылғы 24 Қараша
- Шымкент қаласы
11427 просмотров

Қызмет жасап тұрған екі жыл ішінде ОҚО Кәсіпкерлер палатасы бизнесмендердің осынша көлемдегі ақшасын үнемдеген

Ағымдағы жылдың өзінде өңірлік палата кәсіпкерлердің материалдық мүддесін 220 миллионнан астам теңгеге қорғап қалған. Осының барлығы -  негізсіз салықтар, айыппұлдар, өсімпұлдарды, Палатаға жүгінбегенде, бизнесмендер төлеуге тиіс болатын. ОҚО Кәсіпкерлер форумы аясында өткен Палатаның есептік кездесуінде осы және басқа да сандар айтылды.

Форум жұмысына «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев, облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов, Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшелері, сонымен қатар кәсіпкерлер, шенеуніктер, банкирлер қатысты.

Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Әбубәкіров жыл басынан бері жасалған жұмыс жайлы, кәсіпкерлер құқығын қорғау, әкімшілік кедергілерді жою, өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту бойынша қолданылған шаралар жайлы айтып берді. Кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін негізгі түйткілдер айтылып, бизнес-секторды толғандыратын ең толғақты сұрақтарға жауаптар берілді.

ОҚО КП директоры атап өткендей, бүгінде Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлер құқығы мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қажет қолдау көрсетудің жеткілікті тетіктері қалыптасқан. Жергілікті әрі республикалық деңгейде нормативтік-құқықтық актілер жобаларына жүйелік сараптама жүргізіледі. ОҚО Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесі ойдағыдай қызмет етуде. Кеңес құрамы облыстағы көрнекі қоғамдық қайраткерлерден, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарынан және өңірдегі беделді заңгерлерден тұрады.

Кәсіпкерлер құқығы мен заңды мүдделерін қорғауды Палата заңгерлері де іске асырып, ОҚО прокуратура органдарымен тығыз әрекеттестікте де жүргізіледі. Кәсіпкерлер палатасында бизнестің құқығын бұзу деректеріне жылдам жауап қату үшін 2 жоба іске қосылған: бұл мемлекеттік органдармен және табиғи монополия субъектілерімен байланыс топтары және «Бизнеске арналған жедел жәрдем» жобасы. Екі жоба да, ең алдымен, кәсіпкерлер өтініштерін барынша жылдам қарауға және құзырлы органдар арасындағы ұзаққа созылатын хат алмасу процедурасына уақыт құртпай тиімді көмек көрсетуге бағытталған. Әкімшілік кедергілерді төмендету жөніндегі жұмыстарға келер болсақ, бүгінде Палата облыс прокуратурасымен бірге кәсіпкерлердің рұсқат ету процедуралары мен мемлекеттік қызмет алуындағы түйткілді тұстардың барлығы талдаудан өткен. Талдау көрсетіп отырғандай, бизнес үшін кедергілер негізінде жерді пайдалануға және бизнес-нысандар құрыылысына құқық алу кезінде туындайды екен. ОҚО 14 ауданын тексеру аяқталып, жерді пайдалану және құрылыс саласындағы құқық алу кезінде 3000-нан астам кәсіпкерлер құқығын бұзу дерегі анықталды.

ОҚО КП бастамасымен бірқатар ҚР заңдары мен нормативтік-құқықтық актілеріне өзгертулер енгізілді. Мәселен, «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» ҚР заңына барлық монополистерді инженерлік желілер бойынша ашық та қолжетімді электронды карталар құруға міндеттейтін өзгертулер. Қарапайым тілмен айтқанда, монополист барлық инженерлік желілерін ашып, бос жатқан қуаттар орнын көрсетіп, асыра жүктелген желілерді таныстыруға міндеті. Бұл бизнестің желілерге қосылуы үшін объективті ақпарат алуына мүмкіндік береді. Жалпы, ОҚО КП ҚР орталық мемлекеттік органдарына қолданыстағы заңдар мен бизнестің түрлі салаларын реттемелейтін Ережелерге түзетулер енгізу бойынша 67 ұсыныс бастамалады.

Жыл басынан бері Палатаға кәсіпкерлік субъектілерінен 233 ресми өтініш келіп, онің ішінде 64 өтініш кәсіпкерлер пайдасына шешілді.

Бүгінгі таңда облыстағы 14 ауданда өңірлік кәсіпкерлер палатасының филиалдары мен Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары қызмет жасап тұр. КҚО консультанттары аудандарда жобаларды сүйемелдеу саласында қызметтер ұсынады – мемлекеттік қолдау жөнінен қаржыландыру көздері бойынша консультациялар береді, сонымен қатар рұқсат ету құжаттарын алу бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне құқықтық қоладу көрсетеді. ӨКП филиалы аудан кәсіпкерлеріне «бір терезе» қағидаты бойынша қызметтер көрсетеді. Сонымен, 2015 жылы 6 191 адамға 14 386 консультация берілген. Жобаларды сүйемелдеу нәтижесінде екінші деңгейдегі банктер, микрокредиттік ұйымдар және басқалары арқылы 3, 402 млн теңге сомасына 726 жоба қаржыландырылды.

Жалпы екі жылдық кезең ішінде Палата бизнестің түйткілдерін жүйелік тұрғыдан шешуге және бизнес салаларының болашақта дамуы үшін жағымды жағдай жасауға бағытталған бірқатар жобаларды жүзеге асырды. Мәселен, ОҚО Кәсіпкерлер палатасы электр энергиясына қосылуға техникалық шарттар алу түйткіліне жүйелік тұрғыдан келу үшін «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-мен бірге ОҚО бос жатқан және тапшы қуаттарының электронды картасы дайындалып, енгізілді. Дайындалған картаның Қазақстанда кездеспейтін жалғыз электронды база екенін атап өту керек. Аталмыш карта жұмысының арқасында бүгінде техникалық шарт алу түйткілі шешіліп, бизнестің энергия желілеріне қосылуының ашық та болжалды процесі қамтамасыз етіліп отыр.

Сондай-ақ Палата жүзеге асырған ірі жобалардың бірі ОҚО барлық фармацевтика өнімдерін ірі өндірушілерінің басын біріктірген оңтүстік-қазақстандық фармацевтика кластерінің құрылуы болып табылады. Бүгінде кластер аясында кластер кәсіпорындарына қызмет көрсетуге бағытталған сервистік компаниялар (транспорт және логистика, дәрі-дәрмектерді GLP халықаралық стандартына сәйкес орау және сақтау) құру жөніндегі жобалау жұмысы жүргізілуде және дәрі-дәрмектерді сараптау жөніндегі зертхана құрылысының жобасы дайындалуда. Кластер құрудың негізгі мақсаты Қазақстанның фармацевтикалық саласын дамыту үшін жағымды жағдай жасау және отандық дәрі-дәрмек препараттары мен фармацевтикалық өнімдерін шығаруды жөнге салу болып табылады.

Жалпы өткен екі жылда Палата бизнесті дамытуда жасанды кедергілерді алып тастау мүмкіндігін беретін әрі одан әрі дамуға жағдай жасайтын бірқатар осыған ұқсас міндеттерді жүзеге асыра алды  .

Осыған байланысты ОҚО Кәсіпкерлер палатасы жергілікті атқару органдарына ел Президентінің Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алдына, яғни барлық кәсіпкерлер алдына қойған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда біршама тығыз және серіктес қатынастарды жөнге салуды ұсынды.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы басшысының сөзінен кейін кәсіпкерлер толғандырып жүрген сауалдарын қойып, сауалдарына егжей-тегжейлі жауаптар алды.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер