«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкер әйелдердің бастамасы

2016 жылғы 18 Ақпан
- Жамбыл облысы
8657 просмотров

Жамбыл облысында UMAI әйелдер кәсіпкерлігін қолдаудың пилоттық жобасы басталды

Әйелдер ошақ қасы, отбасы, үй жұмыстары және тағы басқа шаруалармен айналысатындықтан, оларға жеке бизнесті алып жүру ер адамдарға әлдеқайда қиын. Бірақ, соған қарамастан, қазақстандық әйелдер бизнес саласына белсенді түрде келіп жатыр. Сандық көрсеткіштерге назар аударсақ: елдегі шағын және орта бизнес нысандарының 41,5%-ын әйелдер қауымы басқарып отыр, миллионға жуық жеке кәсіпкерлердің 543 мыңы тағы да сол әйелдер қауымы. Жамбыл облысында 64 мың жеке кәсіпкер тіркелсе, ондағы әйелдер үлесі 44,5%-ды құрайды. Оның үстіне 4582 жеке заңды тұлғаның 1192-сін нәзік жандылар басқарып отыр.

Көз тартарлық сан тізбектеріне қарамастан, біздің бизнес-ханымдарға бүгінгі экономикалық жағдайда жан-жақты қолдау қажет. Бірінші кезекте бұл ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігіне қатысты. Қазіргі қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Ұлттық палата UMAI жобасын бастап отыр.

Пилоттық жоба ретінде үш аймақ таңдап алынды – Жамбыл, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстары. Жоба мақсаты – әйел кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, әсіресе ауылды жерлерде әйелдер кәсіпкерлігі сапасын кіріс арқылы көтеріп, олардың өзін-өзі дамытуына мүмкіндігін жасау. HoReCa, Retail, аграрлы сектор, консалтинг және IT-технологиясына басымдық жасалып отыр. UMAI жұмыстарының қорытындысы қыркүйек айында республикалық кәсіпкер-әйелдер конгрессінде жарияланады.  

Жоба Аймақтық кәсіпкерлер палатасының іскер әйелдер Кеңесіне мүше 46 бизнес-ханымының арқасында жүзеге асырылады. ӨКП директоры Қарлығаш Аралбекованың бұйрығымен, UMAI жобасын іске асыруға арналған жұмыс тобы құрылды, белгіленген қызметкерлер мынандай бағыттарға жауап береді: әйелдерге арналған семинарлар ұйымдастыру,  аймақтағы кәсіпкер-әйелдер жайлы мәліметтер базасын құру, стартаптар мен жол бойындағы сервис жобаларға қолдау білдіру. 

Ағымдағы жылдың ақпан-наурыз айына арналған жұмыс тобының жоспары жасалып қойған. Наурыздың 28-і мен сәуір айының 5-і аралығы барлық аудандарды кездесу ұйымдастырылып, кездесуде жергілікті халықпен бірге жоба талқыланады, мақсатты аудиториямен жүздесіп, олардың мұң-мұқтажын анықтап, оқу материалдары таратылады. Іскер әйелдер Кеңесінің басты міндеті ауылдағы кәсіпкер-әйелдерге қолдау білдіру мен олардың іскерлік белсенділігін көтеру болатын, солай болып қала да бермек. 

Сондай-ақ Жамбыл облысындағы кәсіпкерлер Палатасының іскер әйелдер Кеңесі аймақ үшін маңызды екі жобаның жұмысына кірісіп кетті, олар – «УниверMAG.kz» және «Бәрі алғыс үшін» дүкендері.

«УниверMAG.kz» тек қана отандық өнім сататын ірі сауда орталығы болады, онда мемлекеттік талапқа жауап беретін және «Қазақстанда жасалған» белгісіне 100 пайыз сай отандық өнімдер саудаланады. Басқаша сөзбен айтсақ, мұндай әмбебап орталықтың пайда болуы өзіміздің сауда алаңын құруға таптырмас мүмкіндік. Сөрелерде тауарлардың ең үлкен ассортименті болады және олар «қолжетімді баға-жоғары сапа» формуласына сай болуы тиіс. Керегін алған кезде, сатып алушы тауарлардың таза экологиялық материалдардан, заманауи жоғарғы технологияға сай жабдықталғанына сенімді болуы тиіс. УниверMAG.kz» орталығын құрудың тағы бір мақсаты – жергілікті старт-ап жобаларға қолдау білдіру.

«Бәрі алғыс үшін» дүкенінің әлеумет алдындағы артар жүгі – халықтың әлсіз бөлігіне қолдау көрсету болып табылады.  «Бәрі алғыс үшін» сауда нүктелері  жағдайы төмен, көп балалы аналар, жетім балалар және басқа да әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған категорияларға көмектесу үшін жұмыс істейді. Атауынан-ақ бәрін аңғаруға болады:  дүкенге арнайы келушілер керек тауарын тек алғыс айтып ғана ала алады. Аймақтық палата алдағы уақытта  халықтан заттар қабылдайтын бірнеше пунктті ашуды жоспарлап отыр.   

Үш жобаны кезең-кезеңмен жүзеге асыру мақсатында аймақтық палата наурыз айының басында кәсіпкер 200 әйелдің және қызығушылық танытқан мемлекеттік құрылым мен жергілікті оқу орындарындағы экономика факультетінің студенттері қатысумен жиналыс өткізбекші.

Қазіргі таңда Аймақтық кәсіпкерлер палатасының белсенді қатысушылары ішінен кураторлар белгіленген. UMAI жобасымен «Аллана және Д» ЖШС директоры Әлия Күшікбаева және «Goodmaker» ЖШС директоры Әмина Қайназарова айналысады, «УниверMAG.kz» жобасымен – «Жамбыл облысы КЕҰ Ассоциациясы» ЗТБ төрағасы Айнұр Заурбекова және «Дана-дель» ательесінің директоры Бақытгүл Тоқтыбаева, «Алғыс үшін» Дүкені» жобасымен – «Қазақстан Халық Банкінің «Халық-Life»  сақтандырудағы үлескер компаниясы» АҚ төрағасы Ақмарал Ералиева және «Олжас Мұнай» ЖШС иелерінің бірі Күлбала Мамедалиева.

Сонымен қатар, жобаларды жүзеге асыру үшін, бірінші кезекте, сауда орталығына ғимарат бөлу мәселесінде облыс әкімінің, жергілікті атқарушы органның  қолдауы қажет. Мұндай болашағы зор және аймақ үшін маңызды жобалар жергілікті билік пен қоғамдық сектор арасындағы тығыз ынтымақтастық кезінде ғана табысты болмақ. Бұған ешқандай балама жоқ.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер