«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

WorldSkills Almaty – 2016 байқауының жеңімпаздары анықталды

2016 жылғы 01 Наурыз
- Алматы қаласы
10979 просмотров

Жұмысшы мамандықтар чемпионатының іріктеу туры өз мәресіне жетті

Алматы Кәсіпкерлер палатасы ең үздік аспазшыларды, дизайнерлерді, дәнекерлеушілер мен бағдарламашыларды алтын сертификаттармен марапаттады.

«Worldskills – бұл елдің ең үздік компанияларына жұмысқа тұруға керемет мүмкіндік. Атаулы сертификаттарды біз өзіміздің үздік серіктестерімізге ұсынатын боламыз. Олар нағыз мамандарды қажет ететін кәсіпорындар, зауыттар мен фабрикалар. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын. Оларға әлемдік біріншілікте жеңіске жетуді тілеймін», – деген тілек айтты Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қайрат Құдайберген жеңімпаздарға. Worldskills халықаралық байқауы колледждер студенттері арасында қатарынан 63 жыл бойы өткізіліп келеді. Негізгі мақсаты – жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру.

Чемпионат дәстүрлі түрде бірнеше кезеңдерден тұрады: жеңімпаздар өңірлік, ұлттық, құрлықтық, одан соң әлемдік деңгейде анықталады.

Қазақстан бұл байқауға биыл  үшінші жыл қатысып отыр. Өз ісінің үздік маманы дәрежесін алуға Алматыда 30 колледжден 79 үміткер қатысқан. Байқау барлығы 12 бағыт бойынша өтті. Олар: құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары, сырлау және декорациялық жұмыстар, электр монтаждау жұмыстары, веб-дизайн, желілік және жүйелік әкімшілендіру, аспаздық іс, кондитерлік іс, мейрамханалық қызмет көрсету, мектепке дейінгі тәрбие беру, киім дизайны.

Байқауды ұйымдастырушылар: Алматы Кәсіпкерлер палатасының Адам капиталын дамыту бөлімі, Алматы қаласы Білім беру басқармасы, Алматы қаласы колледждер қауымдастығы.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер