«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Іскерлік байланыстарды жолға қоятын уақыт жетті

2016 жылғы 27 Маусым
- Солтүстік Қазақстан облысы
10364 просмотров

ӨКП шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің орта және жоғары буын басшыларынан «Іскерік байланыстар» компоненті бойынша оқуға қатысу үшін өтініштер қабылдауды бастады

Мақсат – ШОБ субъектілеріне халықаралық және шетелдік ұйымдар арқылы шетелдік әріптестермен іскерлік байланыс орнатуға қолдау көрсету. Басымдықтағы салалар: агроөнеркәсіп кешені, тау-кен өңдеу өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндірісі, құрылыс материалдары және басқа металл емес минералды өнімдер өндірісі, металлургия, металл өңдеу, машина жасау, көлік және қоймалар, туризм, ақпарат пен байланыс, кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер көрсету және т.б.

Оқу екі кезеңде өтеді: 1-кезең. Тегін үш апталық бизнес-тренингтерде қатысушылардың біліктілігін көтеру, кәсіпкерлікті, маркетингті жүргізудің, бизнес-әріптестермен іскерлік қатынастар орнатудың заманауи әдістерін үйрету. Оның ішінде 2 апта «басқарушылық құзыреттіліктер» және сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы құзыреттіліктер бойынша теориялық және тәжірибелік сабақтарға бөлінеді. Бұл сабақтар Астана және Алматы қалаларында күндізгі уақытта өтеді. 1 апта – онлайн-семинарлар мен консультациялар. Осы уақыт ішінде тыңдаушылар шетелдік және отандық бизнес-тренерлердің басшылығымен өз кәсіпорнының бизнес-жоспарын әзірлейді.  Содан кейін оны өз бетімен жетілдіреді және «Іскерлік байланыстар» құралының екінші кезеңіне конкурстық іріктеуден өтеді. Бизнес-тренерлер: қазақстандық және шетелдік мамандар.

2-кезең. Германияда ұқсас профильдегі кәсіпорындарда төрт апталық тақырыптық бизнес-тағылымдамадан өту. Мақсаты: технологиялар трансферті және құрал-жабдық алу мәселелері бойынша шетелдік әріптестерімен тығыз іскерлік байланыс орнату; өзара тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді жеткізу; франшизалар мен лицензияларға қол жеткізу; халықаралық және шетелдік ұйымдардың гранттарын алу; бірлескен кәсіпорындар құру.

Тағылымдамадан өтуге үміткерлер әңгімелесуден өтеді, өздерінің тағылымдамаға қатысуының мақсатын айтады, жобалық тапсырмасын көрсетеді. Осы аспектілердің барлығын, сондай-ақ конкурстық құжаттаманы қазақстандық-германдық комиссия ескеріп, сараптаудан өткізеді.

Ең бастысы – оқу тегін. Қатысушы қонақ үйде тұрғаны, Қазақстаннан тағылымдамадан өтетін елге ұшып бару және кері қайтуы үшін шығындалмайды. Тек ҚР-дан ұшаққа отыратын жерге дейін өзі жетеді. Қатысуға өтініштер кәсіпкерлердің өңірлік палаталарында, сондай-ақ Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында қабылданады. Толық ақпаратты www.palata.kz сайтынан алуға болады, сондай-ақ мына телефондар бойынша: Петропавл қаласы, т. 8(7152) 503587, байланыс орталығы 8 (7172) 59-79-60 (кез келген қаладан тегін).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер