«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қолдау көрсетіліп, көмек беріледі

2016 жылғы 16 Қараша
- Ақмола облысы
5043 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы бизнес саласындағы жүйелі қателіктер қайталанбас үшін барын салып жатыр

Өз кәсібін енді ашып жатқан кәсіпкерлердің жүйелі қателіктеріне – өміршең жоспарлардың жоқтығы, қаржылық қызметті ұйымдастырудағы қателіктер, бухгалтерлік есептегі қателіктер, менеджмент мәселелері, маркетингтік саясат және т.б. жатады.

Кәсіпорындардың көпшілігі өз жұмысын бастаған алғашқы жылдардан-ақ аталған қателіктерге жол беріп жатады. Нәтижесінде, олардың бизнестері жабылып, жұмыс жасамайтын кәсіпорындар санатына өтеді. Бизнеске көмек көрсету мақсатында, Кәсіпкерлер палатасы 2015 жылдан бастап облыстың барлық аудандарындағы, сондай-ақ  Степногорск және Көкшетау қалаларының кәсіпкерлері мен кәсіп ашқысы келген тұрғындарына сервистік қызметтер көрсетуде.

Сонымен қатар, Кәсіпкерлер палатасы бизнеске қолдау көрсету мақсатында, тағы бір істі қолға алды. Кәсіпкерлікке қаржылық емес қолдау көрсету шараларын жүзеге асыру аясында, Көкшетау қаласы мемлекеттік кірістер басқармасының қызмет көрсету аумағында Өңірлік кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері де қызмет көрсететін болды.  Сарапшылардың айтуынша, мақсатты аудиторияның барлығы дерлік осы орынға келеді екен. Енді Көкшетау қаласы кәсіпкерлері статискалық есепті жасауға, салық және бухгалтерлік есепті жүргізуге қатысты барлық қызметтерді осы жерден ала алады. Сондай-ақ, салық төлеуші кабинеті, «1С бухгалтерияны» құру және баптау, электронды есеп беру бағдарламасына қатысты білім беру жұмыстары жүргізіледі екен.

«Алдағы уақытта, біз көрсетілетін қызмет аясын кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі. Аталған шаралар кәсібін енді ашып жатқан кәсіпкерлердің жүйелі проблемаларын шешуге жол ашады. Ал, бұл өз кезегінде, болашақта өңірде күшті кәсіпкерлік санаттың қалыптасуына, бизнестегі белсенді субъектілер санының артуына ықпал етеді»,  – дейді ӨКП  Кәсіпкерлікке қаржылай емес қолдау  көрсету бөлімінің басшысы Марат Алтынбеков.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер