«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Азық-түлік өнімдері төмен бағада ұсынылмақ

2016 жылғы 21 Қараша
- Солтүстік Қазақстан облысы
5743 просмотров

Петропавл қаласында әлеуметтік азық-түлік бөлімі ашылды

Облыстың Кәсіпкерлер палатасы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру жұмыстары аясында,  қала бизнесмендеріне базарларда төмен бағалармен сатылатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бөлімдерін құру туралы ұсыныс айтты.

Аталған бастаманы алғашқылардың бірі болып «Оптима север» ЖШС жетекшісі Денис Мартыненко қолдады. «Сауда бөлімін  өз қаражатымызбен аштық. Осылайша, тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсеткелі отырмыз. Қала бойынша ең төмен бағадағы азық-түлікті сатып алып, оның үстінен өте аз үстеме қосып, қайта сатып жатырмыз. Әдетте, бөлшек сауда сатушылары бағаны 10-15%-ға дейін қымбаттатып жібереді», – деді ол.  

Әлеуметтік бөлім «Евразийский» базарында орналасқан. Тауарды алғаш сатып алушылар арзан бағаны көріп, таң-тамаша болды.  Мысалы, мұнда қант – 224 тг, күріш – 173 тг, қарақұмық – 200 тг, 1 л өсімдік майы – 365 тг, ұнтақ жармасы – 113 тг, арпа жармасы – 78 тг, бидай жармасы – 78 тг және тұз – 50 тг тұрады. Алдағы уақытта тауар түрлері көбейеді деп күтілуде. Сатып алушылардың өтінішімен, жақын арада макарон өнімдері сатылымға шығарылмақ. Айта кетерлігі, мұнда тек тауардың кейбірі белгілі мөлшермен ғана сатылатын болады.

Кәсіпкерлер палатасы жобаға қатысуға барлығы 40-қа жуық сауда кәсіпорындарын шақырған. Палата өз кезегінде, аталған бөлімдерде азық-түлік өнімдерінің өз бағасында сату үшін, отандық тауар өндірушілердің жұмысын реттеуге атсалысатын болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер