«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

АЭА – бизнес территориясы немесе үміт пен шынайылық

2017 жылғы 07 Наурыз
- Павлодар облысы
6615 просмотров

Арнайы экономикалық аймақтың келешегі мен дамыту қиындықтары мәселесі Өңірлік кәсіпкерлер палатасында талқыланды

Директор орынбасары Серік Әбілтаев «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы бизнестің өсуі үшін жақсы алаң болатындығы туралы айтты. 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы негізгі капиталға түскен инвестиция көлемі 13,5%-ға өсіп, 44,6 млрд теңгеге жеткен. Алайда, оның айтуынша, АЭА қатысушыларының түйткілді мәселелерін бөлек қарау керек. Мысалы, «АЭА туралы» заңға сәйкес, әрбір қатысушы жер учаскесінің жалға алу төлемінен босатылады. Бірақ тәжірибеде Заң «Павлодар» АЭА-да нөлдік жарна қарастылмаған Салық кодексімен қайшылықта. Кәсіпкерлер әділдігін айтып отыр, осы мәселеге қатысты сот процестері мемлекеттік құрылымдарға деген сенімді арттырмайды.

Сонымен қатар 2017 жылы 1 қаңтарда іске асырылған жобалардың қызметін анықтайтын ҚР заңнамасындағы өзгертулер күшіне енді. Қазіргі таңда бос кедендік аймақтың кедендік процедураларына орналастырылған шетелдік үлесті қолдана отырып дайындалған тауарларды сәйкестендіруге мүмкіндік жоқ. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы осы мәселені шешу үшін Мемлекеттік кірістер департаменті мен кедендік қызметпен бірлесіп жұмыс атқарып отыр.  

Мұнымен қоса, кәсіпкерлер бизнесті жүргізуде әдейі тең емес жағдайға шағымданды. Күшіне енген өзгертулерге сәйкес 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін тіркелген кәсіпорындар дайын өнімнің импорттық үлесіне кедендік салықта басымдық берілетін инвестициялық келісімшарт жасауға құқылы. Бизнесмендердің айтуынша, бұл басқа қатысушылар үшін теңдей емес жағдай тудырады.  

Аталған мәселе өзекті деп танылып, жоғарыда тұрған құрылымдардың талқылауына шығарылды. Кәсіпкерлер инфрақұрылымдық нысандардың қажетті деңгейде дайын еместігіне де қапалы. Мысалы, қазіргі таңда 8 нысан бойынша жобалық жұмыстар жүргізіліп отыр. Мұнымен қоса кейбір қатысушыларға инженерлік коммуникациялар бүгін қажет. АЭА қазіргі қатысушысы «УПНК ПВ» ЖШС-ында өндірісті пайдалануға бергеннен кейін кәріз коллекторының болмауынан ағын су шығару мәселесі туындаған. Басқарушы компания аталған мәселені шешу үшін «Каустик» АҚ жүгініп, толық мақұлдау алды. Бірлескен шешім шығарылып, оған облыстың экология департаменті басшысы жан-жақты қолдау білдірген.

Сөз соңында Серік Әбілтаев ортақ шешім шығаруда және АЭА аймағында бизнесті жан-жақты дамыту үшін әрбір өзекті мәселені кешенді талдау керек екенін атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер