«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнестің ғылыммен астасуы

2017 жылғы 11 Сәуір
- Жамбыл облысы
6317 просмотров

Жамбылдық кәсіпкерлер ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеуге көңіл бөлді

Облыстағы кәсіпкерлер қандай ноу-хау қолдана алады? Ғалымдардың өнертабысы арқылы өндірістік процесті қалай жеңілдетуге және жетілдіруге болады? Кәсіпкерлер бұл сұрақтардың жауабын Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтындағы тәжірибелік семинардан алды.

Семинар мақсаты – ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлерге ғылыми-зерттеу институтының соңғы ғылыми зерттеулерін таныстыру, қажет жағдайда енгізуге көмектесу.

«Біздің міндетіміз – бизнес пен ғылым арасында байланыс орнату, таныстыру, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеуіне ықпал ету. Біздің ғалымдарымызды дәріскер ретінде шақырдық, ал облыстағы 30-ға жуық шаруа қожалықтарының басшылары – тыңдаушылар», – дейді Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының өндірістік кешен бөлімінің басшысы Руслан Рақымбаев.  

Семинарда ғалымдардың соңғы зерттеу жұмыстары таныстырылды. Тамшылатып суарудың инновациялық технологиялары жайында – техника ғылымдарының кандидаты, «Суарудың технилогиясы мен техникасы» бөлімінің аға ғылыми қызметкері Павел Калашников. Ал тамшылатып суарылатын тозған жерлерді жақсарту мен топырақтың құнарлылығын арттыру жөнінде  экономика ғылымдарының кандидаты, «Суармалы аумақтарды мелиорациялау мен экологиясы» бөлімінің жетекші ғылыми маманы Рахимжан Мирсаитов түсіндірді. Ал экномика ғылымдарының магистрі «Ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау» бөлімінің қызметкері ирина Югай сумен жабдықтау мен ұңғымада минералды суды тұщыландыру қолданудың әзірленген теңхнологиясы туралы хабардар етті. Сонымен қатар техника ғылымдарының кандидаты, «Су қорын басқару» бөлімінің аға ғылыми қызметкері Марина Ли су есептейтін құрылғыларда судың есебі мен бақылауын автоматты приборларын ғылыми-техникалық тарату мен сүйемелдеуді енгізуді таныстырып өттіп.

Ауыл шаруашылығы кәсібінің басшыларына тәжірибелік семинар барысында аталған ғылыми-инновациялық технологиялар мен талдамаларды қолдану таныстырылды, олардың артықшылықтары іс жүзінде көрсетілді.

Семинар соңында қатысушыларға сертификат табысталды, дегенмен, ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері ғылыми жаңалықтарды қолдануға үлкен қызығушылық танытқаны – ең басты нәтиже.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер