«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жамбылдық 3 кәсіпкер Германиядан серіктес іздейді

2017 жылғы 22 Қараша
- Жамбыл облысы
2567 просмотров

«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында «Іскерлік байланыс» жобасын жүзеге асыруға бағытталған. Жоба халықаралық және шетелдік мекемелердің көмегімен шетелдік серіктестермен іскерлік байланыс орнату арқылы кәсіпорындардың ісін жаңғыртуға негізделеді.

Оқыту еліміздің Алматы, Астана, Атырау, Қостанай, Өскемен, Шымкент қалаларында өткізіледі.

Мақсат – ШОБ субъектілеріне халықаралық және шетелдік ұйымдар арқылы шетелдік әріптестермен іскерлік байланыс орнатуға қолдау көрсету. Басымдықтағы салалар: агроөнеркәсіп кешені, тау-кен өңдеу өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндірісі, құрылыс материалдары және басқа металл емес минералды өнімдер өндірісі, металлургия, металл өңдеу, машина жасау, көлік және қоймалар, туризм, ақпарат пен байланыс, кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер көрсету және т.б.

Қазіргі таңда 3 жоба Германияда ұқсас профильдегі кәсіпорындарда 4 апталық тақырыптық бизнес-тағылымдамадан өту үшін тиісті құжаттарын реттестіруде. Олар жиһаздар өнімдерін жасап шығаратын «Назарбеков М.» жеке кәсіпкерлігі, типография өнімдерін шығарумен айналысатын «Қозбекова Перизат Араппаевна» жеке кәсіпкерлігі мен «АVTOSATU» компаниясы.

«АVTOSATU» компаниясы 2016 жылы құрылған болатын. Қазірде директордан бөлек 2 адамды жұмыспен қамтып отыр. Қазіргі таңда Алматы мен Астана қаласында ғана жаңа автокөліктер саны көш бастап тұр. Ал, қалған облыстарда жаңа темір тұлпарлардың үлесі 6 пайыздан аспайды. Сол себепті елде екінші деңгейлі нарық дамыған әрі сұранысқа ие – дейді «АVTOSATU» компаниясының басшысы Наргиз Азизова.

2018 жылдан бастап Астана қаласында екінші филиалын ашуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда Жамбыл облысында тіркелген 200 мыңға жуық жеңіл автокөліктің 4100-і хабарландыруда тұр. Яғни, әр 10 көліктің кемінде 3-і біздің қызметімізді пайдаланады.

Мақсат - технологиялар трансферті және құрал-жабдық алу мәселелері бойынша шетелдік әріптестерімен тығыз іскерлік байланыс орнату, өзара тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді жеткізу, франшизалар мен лицензияларға қол жеткізу, халықаралық және шетелдік ұйымдардың гранттарын алу, бірлескен кәсіпорындар құру. Тағылымдамадан өтуге үміткерлер әңгімелесуден өтеді, өздерінің тағылымдамаға қатысуының мақсатын айтады, жобалық тапсырмасын көрсетеді. Осы аспектілердің барлығын, сондай-ақ конкурстық құжаттаманы қазақстандық-германдық комиссия ескеріп, сараптаудан өткізеді.

Бастысы – оқу тегін. Қатысушы қонақ үйде тұрғаны, Қазақстаннан тағылымдамадан өтетін елге ұшып бару және кері қайтуы үшін шығындалмайды. Тек ҚР-дан ұшаққа отыратын жерге дейін өзі жетеді. Қатысуға өтініштер кәсіпкерлердің өңірлік палаталарында, сондай-ақ Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында қабылданады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер