«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Аналар үйінің» кішкентай тұрғындарына демеушілік көрсетілді

2018 жылғы 01 Наурыз
- Ақтөбе облысы
7672 просмотров

«Alina» компаниялар тобының Ақтөбедегі филиалы қызметкерлері демеуші ретінде  бастама көтерді. Бұл игілікті шара 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналды

Балаларға арнап жөргек, ойыншық, киім мен аналарына да қажетті заттарды, жуу құралдарынан құралған әрбір жинақты Аналар үйіндегі әрбір тұрғын алды. «Alina» компаниялар тобының Ақтөбе зауытындағы қызметкерлер ең қажетті заттардың топтамасын дайындап, меценат ретінде Аналар үйіне жол тартқан. Таныстық дастархан басындағы жылы әңгімеге ұласты.

«Қайырымдылыққа ақшалай қаражат бөлінді, сондай-ақ қызметкерлер де ойыншық, киім беруге ынта танытты. Ақтөбедегі филиалда 400-дей жұмысшы бар. Өмірдің күрделі кезеңіне тап болған келіншектерді қолдап, қамқорлық танытқымыз келді. Бүлдіршіндер жылулық арқылы әлемде жақсылық бар екенін сезінсін», – деп атап өтті Ақтөбе филиалының жетекші маманы Оксана Панина.

Қайырымдылық акциясы «Alina» компаниялар тобының барлық филиалында өтті. «Атамекенім» акциясын қолдаған отандық өндіруші бұл игілікті шараны екі арнаулы датаға орайластырған: бірі – Alina Paint брендінің қалыптасқан күні, яғни 16 ақпанда 16 жыл толдығ екіншісі – елімізде 1 наурызда аталып өтілетін Алғыс айту күні.

«Alina» компаниясына шексіз алғысымды білдіремін. Олардың алып келгендері емес, бізге деген қарым-қатынастары маңызды. Өзгенің басындағы жағдайға бей-жай қарамай, жақсылыққа ұмтылды. Аналар үйінің тұрғындары атынан компанияның өрлеуіне тілектеспін», – деді Надежда Исламғалиева.

Ақтөбеде «Аналар үйі» 2014 жылдың ақпан айында ашылған. Осы уақыт аралығында басына қиындық туған 150 ана мен олардың бөбектеріне көмек көрсетілді. Аналар үйінің шығынын Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы, «Алтын қыран» компаниялар тобының бас директоры Исламбек Салжанов өз мойнына алған.

«Басына қиындық түскен келіншектер уақытша тұра алады. Тәулік бойы медбике бар. Паналайтын әрі тамақтанатын орын ғана емес, келіншектерге психологиялық көмек те көрсетіледі. Бүгінде 10 келіншек тұрады. Біреуінің аяғы ауыр. Осы уақыт аралығында көбі жұмысқа орналасып, білім алады, тіпті тұрмыс құратындары да бар», – деді Аналар үйінің координаторы Таңсұлу Зағитовна Лакова.

«Alina» компаниялар тобының өкілдері алдағы уақытта да Аналар үйіне келіп тұратындықтарын жасырмады.

Компания туралы айтар болсақ, 1989 жылы құрылып, осы күнге дейін Қазақстанда құрылысқа арналған AlinEX, НАШИ құрғақ қоспаларын, Alina Paint лак-бояуларды, G-Ex құрылыс гипсін, Decorex сәндік-жөндеу материалдарын шығарады әрі құрылыс-жөндеу материалдарының дистрибьютері. Компанияда ISO 9001:2000 халықаралық стандарының талабына сай сапа менеджементінің жүйесі енгізілген. Құрылыс материалдарының түр-түрі бар, 3 мыңнан аса аталым өндіріледі. Қазақстанның әр аймағында және Бішкек қаласында компанияның филиалы бар. Жүзден аса дилерлік желі Орталық Азияның ірі қалаларын қамтып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер