«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жүкті кедендік тексеруде бизнес неге шығынданады?

2018 жылғы 05 Маусым
6419 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП және ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жанынан құрылған жұмыс тобы жиынының қатысушылары теміржол көлігі саласындағы мәселелерді талқылады.  

Қазіргі таңда «Қазақстан Темір жолы» ҰК» АҚ және басқа да субъектілердің ҚР Қаржы министрлігі органдарының транзиттік жүктерді тексеру салдарынан туындаған шығындарын өтеу – кедергілердің бірі болып отыр. Тексеру барысында ҚР және ЕАЭО заңнамаларын бұзу бойынша фактілер анықталмаған.

Жиынды ашық деп жариялаған Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр  еліміздің транзиттік әлеуетін барынша пайдалану қажеттілігі, оның ішінде 2020 жылға дейін транзит арқылы түсетін түсімдердің шамамен  5 млрд  АҚШ долларына дейін ұлғайту – Мемлекет басшысының тапсырмасы екенін айтты.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов уәкілетті органдар отандық транзиттік бағыттардың тартымдылығын арттыру бойынша тиімді жұмыс жүргізіп отырғанын айтты. Алайда логистикалық ұйымдар тап болатын мәселелер транзиттік дәліздерді таңдауға айтарлықтай әсер етіп отыр.

 

«Қазақстан аумағы арқылы транзиттік тасымалдардың тұрақсыздығы шетелдік жүк жөнелтушілер/алушылар үшін негізгі тәуекелге айналып отыр. Бірінші кезекте түйткіл кедендік тексеру жүргізуде бұзушылық анықталмаған кезде тәуекелдерді басқару жүйесі жұмысына қатысты болып отыр. Осындай жағдайда кедендік органдардың шешімімен «Қазақстан темір жолы» АҚ және басқа да субъектілермен орындалған жұмыс үшін шығындар экспедитор тарапынан өтеледі. Ал экспедитор өз кезегінде шығындарды талап ету арқылы клиенттен өндіріп алуға тырысады», – деп түсіндірді «Қазақстан ұлттық экспедиторлар қауымдастығы» бас директорының орынбасары Мұхамбет Сәбетов.

Қауымдастық өкілі шетелдік экспедиторлар Қазақстан территориясы арқылы транзит жасаған кезде түрлі мәселелерге тап болатынын айтты. Атап айтқанда, жеткізілімнің нақты уақыты мен мерзімін анықтау мүмкін емес. Ал жүк кешігіп, келмей жатса, қандай органға шағымдану керек екені де логистикалық компаниялар үшін жұмбақ.  

 Өз кезегінде ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері тәуекелдер жүйесі орын алған жағдайында кедендік орган заңды бұзбайтынын әрі кедендік бақылау шеңберінде әрекет ететінін хабарлады. ҚР Ұлттық экономика министрлігі Салық және кедендік бақылау департаменті директорының орынбасары Ботагөз Хамидуллина әзірленген ҚР Кедендік кодексі аясында транзит кезінде кедендік процедуралардың мерзімін 10 күннен 5 күнге дейін қысқарту ескерлігенін атап өтті.

 Роман Скляр қолданыстағы барлық процедуралар мерзімін қысқарту мүмкіндігі мен оларды бұзғаны үшін барлық тараптардың жауапкершілігін арттыруды ұсынды.

 «Kazlogistics» Қазақстан көлікшілері одағының бас директоры Қанат Әлмағамбетов бұл мәселені түбегейлі жою керектігін айтып, былтыр «Қазақ темір жолына» жыл қорытындысы бойынша үш күндік мерзіммен шығынды есептеп, келесі жылға оны қосымша жиналым ретінде бекітуге рұқсат беру ұсынысы айтылғанын атап өтті.

«Жүкті қарауға үш күн жеткілікті. Егер тексеру үш күннен артық созылса, тексеру мерзімі ұзартылғанына байланысты, оның тоқтатылғаны үшін «Қазақстан темір жолы» немесе кеден жауап беруі тиіс. Қазіргі таңда қаржыны шығынға ұшыраған клиентке өтетіп отырмыз», – деп түсіндірді Қанат Әлмағамбетов.

Ол нақты ереже жұмысты жеңілдететінін айтты, онда клиенттердің көңілі толып, ал экспедиторлар мен «Қазақстан Темір жолына» қисынсыз шығын келмейді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар ұсынысты қолдады, сондай-ақ, бір ай ішінде тараптар кедендік рәсімнен өтуді қысқарту бойынша ұсыныстар мен өтінімдерді пысықтайды.

Жиын барысында жүк жөнелтушілерді жылжымалы составпен қамтамасыз ету мәселесі де қаралды. Операторлық бизнестің қатысушылары бірауыздан келешекте қозғалмалы составты алуға инвестиция үшін өнеркәсіп тасымалдау көлемі мен қажетті вагондар санын болжау керек.

«Өңірлердегі бизнес вагон жетіспеушілігіне әрдайым шағымданады. Бізге осы мәселе қарастырып, ең болмағанда жақын арадағы 5-10 жылға болжам жасау керек. Сонда кәсіпкерлерде вагон жасау саласын дамыту қажет пе әлде сатып алған дұрыс па деген сияқты түсінік қалыптасады», – деп атап өтті Елдос Рамазанов.

«Қазақстан темір жолы – Жүк тасымалдау» АҚ вице-президенті Сағындық Жұмабаев 2016 жылдан бастап Қазақстанда нарық бағасын бекітіп, вагон алудың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін RailCommerce «Вагон биржасы» электронды сауда алаңы жұмыс істейтінін атап өтті.

Мұхамбет Сабетов мұндай жүйе жүк жөнелтушілер үшін бірқатар мәселе туындады. Бүгінде оларда вагонды жалға алу сауда-саттығына қатысу мүмкіндігі жоқ, себебі жүкті қабылдап алушылар алдында құны бекітілген келісімшарттық міндеттемесі бар.

Бір айда 1-ден 4-ке дейін талап етілетін тауарларды тасымалдау мүмкін емес. Бұл биржа кемінде 5 вагонға тапсырыспен және белгілі бір бағыт бойынша ғана сауда-саттық өткізеді.

Роман Скляр болжам жасау қажеттігін қолдап, мұндай мәселе импортқа жұмыс істейтін бизнесмендерде ғана емес, ел ішінде жұмыс істейтін кәсіпкерлерде де туындайды.

Жиын қорытындысы бойынша ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің алаңында қозғалмалы составтың барлық паркін іске қосу бойынша шаралар әзірленеді, сондай-ақ жүк жөнелтушілер үшін вагон алу бойынша кепілдік беру және сауда биржасы арқылы алу регламентін қамтамасыз ету шешілді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер