«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Отандық өнімге неліктен сұраныс жоқ?

2018 жылғы 26 Шілде
- Алматы қаласы
5177 просмотров

Маркетинг – отандық бизнестегі осал тұс. Қаптамасы тартымсыз, өнімге сай емес атау, мақсатты аудитория анықталмаған, маркетингтің жалпы заңы мен қағидатын ескермеу – отандық кәсіпкерлер жіберетін негізгі қателіктер. Осындай пікір Digital marketing club тренингі барысында айтылды.

Кәсіпкерлерге маркетинг негіздерін оқытатын клубтың 19-кездесуінде топ-менеджерлерге арналған маркетинг тақырыбы қозғалды. Спикер ретінде стратегиялық маркетинг және ілгерілету саласының сарапшысы, Coca-Cola компаниясында маркетинг жөніндегі директор лауазымын атқарған Анар Рустемова, Procter & Gamble, Coca-Cola, Philip Morris, Beiersdorf, British American Tobacco жобаларының маркетингтік басқарушысы қызметтерін атқарған, қазіргі таңда Маркетингтік коммуникация агенттінің директоры Светлана Федотова шақырылды.

Әрбір теориялық кейс арнайы тапсырмамен аяқталып отырды. Қатысушылар бренд, мақсатты аудитория, топтаманы оңтайландыру, бизнесті құрдымға кетіретін қызмет немесе тауарлар туралы ақпарат алды.

«Отандық компанияларда маркетинг әлсіз. Ірі компаниялар 20 жыл бұрын ғана маркетингті енгізді. Ірі және орта кәсіп иелерімен күнделікті өмірде араласа отырып, тереңдетілген маркетингке сұраныс бар екенін көріп қуанамыз», – дейді Светлана Федотова.

Оның айтуынша бизнесменде маркетинг негіздерін оқуға уақыт та, мүмкіндік те бар. Оның қызметі немесе тауарының танымалдылығы арту үшін бұл үлкен көмек болмақ. Егер егер жақсы нәтиже жедел қажет болса – онда кәсіби мамандарға сенім артқан абзал,

Digital marketing club кездесулерінде танымал спикерлер, тәжірибелі мамандармен семинар, тренингтер өткізіліп отырады. Клубқа мүше болып, бизнесті дұрыс жолға қоюды үйреніңіздер! Хабарласу нөмірі: 33-101-33, ішкі нөмір 816, Шынар Байзыханова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер