«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнестің 300 млн теңгеге мүліктік құқығы қорғалды: Самат Косалиев кәсіпкерлермен кездесуде жылды қорытындылады

2020 жылғы 09 Желтоқсан
- Жамбыл облысы
7285 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы жұмысының нәтижелері мен міндеттері бизнес-қауымдастықтың облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесуі барысында айтылды

Минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыттың алаңында «Қазфосфат» ЖШС бас директоры, ӨКП Өңірлік Кеңесінің төрағасы Мұқаш Искандиров, Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Самат Қосалиев баяндама жасады, сонымен қатар бірқатар ірі кәсіпорындардың басшылары жұмыс нәтижелерімен бөлісті.

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Самат Қосалиев 2020 жылдың басынан бері «Атамекен Тараз» микроқаржы ұйымы 300 млн теңгеге 75 микронесие беріп, лизингтік қаржыландыру аясында 30 млн теңгеге 17 жобаға демеушілік жасағанын айтты. Сонымен қатар, «Еңбек» бағдарламасы аясында «Eco Chicken» шағын құс фабрикаларының ашылуы қаржыландырылды.

Сондай-ақ өңірлік палата «Тараз» ӘКК» акционерлік қоғамымен бірлесіп 7 бастаманы жүзеге асыруда:

- Жуалы ауданындағы картоп өсіретін шаруашылықтарды сапалы тұқымдармен және ауылшаруашылық техникаларымен қамтамасыз ету;

- жеміс-жидек дақылдарын дамыту;

- ара шаруашылығын (омарташылықты) дамыту;

- «Егістіктен – дүкен сөресіне дейін» жобасын жүзеге асыру;

- өзін-өзі көбейтетін ет жүйесі үшін құс етін өндіру жобасын іске асыру;

- балық шаруашылығын дамыту;

- Айша-бибі ауылы аумағында ауылшаруашылық аймағын құру.

«Мемлекет шынымен де кәсіпкерлерді, әсіресе аграрлық секторды қолдау үшін көп жұмыс атқарып жатыр. Біз жобаларды мұқият тексеріп, өңірде сұранысқа ие болатын жобаларға назар аударуымыз керек. Біз өңірдің көрсеткіштерін республикалық деңгейде ұстап тұруға тырысамыз. Көлік пен сауда саласында біраз артта қалушылық бар, бірақ біз оларды жыл соңына дейін түзетеміз. Экономикалық даму индексі биыл 1,6%-ға жоғары. Экономикалық дамудың екінші маңызды индикаторы – бұл инвестицияларды тарту, өсім көрсеткіші 6,8%-ды құрайды», – деді Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Биыл «Бастау» жобасы бойынша 3,6 мың адам оқудан өтті, 2 мыңнан астам қатысушының жобалары 3 млрд теңгеге қаржыландырылды. «Қарапайым заттар экономикасы» жобасы аясында тағы 70 миллиард теңгенің 144 жобасы мақұлданды. 11 ай ішінде өңірлік палатаға 214 өтініш келіп түсті. Соның ішінде 88 өтініш оң шешімін тапты, меншік құқығының мөлшері 320 миллион теңгені құрады.

«Біздің заңгерлер 10 сот процесіне қатысты, қазіргі таңда олардың жартысы жеңіспен аяқталды. Сондай-ақ ӨКП мен мамандандырылған ауданаралық сот өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, оның аясында медиация бөлмесі ашылды, онда Палата қызметкерлері апта сайын қабылдау жүргізеді», – деді Жамбыл облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Самат Қосалиев.

Сондай-ақ, өңір кәсіпкерлері Бизнестің жай-күйі туралы айтты. «Қазфосфат» ЖШС бас директоры Мұқаш Искандировтың айтуынша, кәсіпорын пандемияға қарамастан өткен жылғы көрсеткіштерден қалыспады және 11 айдың қорытындысы бойынша 144 миллиард теңгеге өнім өндірілді.

«Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш өседі деп ойлаймын, бюджетке салық төлемдері барлық төлемдер бойынша 17 млрд теңгеден асты. Қазір біз аммофос өндірісін кеңейтіп жатырмыз. 2021 жылдың бірінші жартысында біз натрий гексаметафосфат өндірісін экспортқа шығарамыз», – деп бөлісті «Казфосфат» ЖШС директоры, ӨКП Өңірлік Кеңестің төрағасы Мұқаш Искандиров.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы өндірістегі жалақы мөлшері екі рет 10 және 7% -ға артқанын айтты.

Қорытындылай келе, облыс әкімі жылдың бизнес үшін қиын болғанын баса айтты.

«Кәсіпкерлер мемлекет ұсынған мүмкіндіктерді барынша пайдалануы қажет, сонымен қатар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы да ұмытпағанымыз жөн», – деп Бердібек Сапарбаев кездесуді қорытындылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер