«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматыда 51 әйел менторлық бағдарлама бойынша іріктеуден өтті

2023 жылғы 01 Маусым
- Алматы қаласы
4887 просмотров

Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасында менторлық сүйемелдеуге іріктеу 22 және 25 мамырда өтті. Ментордың оқу курсына қатысам дейшілер көп болды. Оқу курсына 51 қыз-келіншек өтті.

Еске салсақ, бұл қызмет «Мен кәсіпкер» жобасының әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының бағыты бойынша көрсетіледі.

«Менторлық бағдарламасы өзінің тиімділігін көрсетті. Өткен жылғы 25 менти бүгін де өз бизнестерін табысты жүргізіп жатыр. Тәлімгерлікпен кәсіп бастау, бизнесті тиімді жүргізу өте ыңғайлы. Әр қатысушыға менторлық сүйемелдеу осы жылдың соңына дейін көрсетіледі. Биыл қатысушылардың саны екі есе көп, олар екі топқа бөлінеді», – деді Алматы іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ақеркін Ералиева.

Спикер барлық менти – бір жыл бұрын Алматы кәсіпкерлер палатасының жанынан құрылған Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының клиенттері екенін айтты.

Үміткерлерден тіркеуден өткен жұмыс істеп тұрған бизнестің болуы, өз бизнесін дамытуға және ұлғайтуға ұмтылыс, нақты тұжырымдалған міндеттердің болуы, кәсіпкерлік қоғамдастыққа қатысу деңгейі, қарым-қатынас пен өзгерістерге дайын болу талап етілді.

Бағдарлама менторлары болып «Кемел ұстаз» оқу-әдістемелік орталығының жетекшісі Нұрсұлу Оразбаева және ҚБТУ университетінің сеньор-лекторы, «Nativa Language Solution» оқу орталығының директоры Алуа Нұрбаева белгіленді. Оқыту екі тілде өтеді.

Менторлар бизнес басшыларының біліктілігіне бағалау жүргізеді, сондай-ақ біліктілік пен дағдыларды одан әрі арттыру бойынша ұсыныстар мен жұмыс жоспарын әзірлейді.

«Жобаның мақсаты – кәсіпкер әйелдерді бизнес жүргізу дағдыларына үйрету, масштабтау және дамыту, кәсіпкер әйелдерді бағдарлама шеңберінде бизнес жүргізуге сүйемелдеу, оқыту және тәлімгерлік. Бұл қызметтердің барлығы өтеусіз негізде көрсетіледі», – деп атап өтті Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының төрағасы Әуез Тәймбетов.

Консультация алу үшін Жібек жолы даңғылы 135, (Амангелді қиылысы) 2-блок, 8-қабат мекенжайы бойынша Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығына хабарласуыңызды сұраймыз,.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер