«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА

2023 жылғы 06 Қыркүйек
- Атырау облысы
16537 просмотров

Отандық құрылыс материалдары, жабдықтар мен жиһаз өнімдерін өндірушілер «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасына қатысу үшін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің дерекқорына және ҚазҚСҒЗИ сметалық бағалар жинағына қосылуы қажет.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы сметалық-нормативтік базаны өзектендіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

«Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны (бұдан әрі – «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы) іске асыру бойынша ағымдағы жұмыстар шеңберінде 2024 жылы 208 мектеп салу жоспарланған. 182 жайлы мектеп бойынша мердігерлермен (консорциум жетекшілерімен) EPC-келісімшарттарға қол қойылды.

Бұл ретте, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде бас мердігерлерге құрылыс материалдары, жиһаз бен жабдықтарды жеткізетін компанияларды таңдау мүмкіндігі берілді.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасының қолданыстағы шарттарына сәйкес: мектептерді жобалау процесінде Қазақстанда жасалған құрылыс материалдары, бұйымдар, конструкциялар мен жабдықтарды таңдау кезінде жобалаушылар мына дерек көздерін басшылыққа алуы қажет:

Жоғарыдағы мәліметтерді ескере отырып, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына қатысуға мүдделі кәсіпкерлер өндірілетін жиһаз өнімдері, құрылыс материалдары мен жабдықтардың бағасын қосу керек немесе ҚазҚСҒЗИ сметалық баға жинақтарының жобаларындағы ағымдағы бағаларды қайта тексеруі қажет.

Құрылыс материалдары, бұйымдары, конструкциялары мен инженерлік жабдықтарын Қазақстан Республикасының сметалық-нормативтік базасына енгізу үшін құжаттарды ұсыну тәртібі мына сілтеме бойынша көрсетілген.

 «ҚазҚСҒЗИ» АҚ сметалық бағалар жинағына ақпарат беру кезінде қиындықтар туындаған жағдайда, сондай-ақ қосымша сұрақтар болса, ҰКП өңдеу өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Арнұр Дарбаевқа хабарласуды сұраймыз: 8 (7172) 919329, 87015081358, a.darbayev@atameken.kz.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер