«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ӨКП сарапшылары ауыл шаруашылығы техникасының ірі жеткізушісімен кездесті

2024 жылғы 27 Ақпан
- Ақмола облысы
12703 просмотров

Кездесудің мақсаты – АӨК саласындағы мәселелерді талқылау, серіктестік қатынас орнату.

2011 жылдан бастап Ақмола облысының аумағында KazAgroExpert компаниясы жұмыс істейді. 13 жылдан астам уақыт бойы кәсіпорын Қазақстандағы «Автотехнология зауыты», «Дибор» ЖШҚ-ның жалғыз дилері және ТМД елдерінің 70-тен астам зауытының ресми дилері бола отырып, тауар ассортиментін үнемі кеңейтіп келеді. Қызметтің негізгі бағыты – ауылшаруашылық техникасы мен оған арналған қосалқы бөлшектерді сату. Қазақстан нарығында компания өзін түрлі жұмыс түрлеріне арналған заманауи топырақ өңдеу техникасының, жем дайындау жабдығының, аспалы және басқа да ауыл шаруашылығы техникасының сенімді жеткізушісі ретінде көрсетті.

Айта кетейік, өткен жылдан бастап компания Ауыл шаруашылығы техникасының өзіндік өндірісін жолға қойды. Бұл жұмыс болашақта еңбек өнімділігін арттыруға, шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Компания басшысы Станислав Гангалоның айтуынша, алдағы егіс науқанын ескере отырып, қазір басым міндеттердің бірі – ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту және жалпы жергілікті қамтуды ұлғайту. Бл туралы Мемлекет басшысы бірнеше рет айтқан болатын. Жасыратыны жоқ, тозған техника ауылшаруашылық өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне кері әсер етеді.

«Өндірісті фермерлер үшін қолжетімді бағамен өзінің жоғары технологиялық техникасымен қамтамасыз ету мәселесі негізгі мәселелердің бірі. Қазір біз қаржы институттарынан, лизингтік компаниялардан түрлі қолдау құралдары шеңберінде қаражат тарту бойынша жұмыс істеп жатырмыз және серіктестікке мүдделіміз», – дейді Станислав Гангало.

Өңірлік палатаның директоры Ерқанат Мұсылманбек кездесуге қатысушыларды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы құралдары, ӨКП қызметі, оның ішінде салалық кеңестер туралы хабардар етті. Еске салсақ,, Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында 6 салалық кеңес (ТКШ және құрылыс, туризм және экология, АӨК, медицина және білім беру, өңдеу өнеркәсібі, сауда және қызмет көрсету), сондай-ақ кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңес жұмыс істейді.


«АӨК саласындағы түйткілді мәселелер салалық кеңес барысында нақты қаралып жатыр. Бұл шешімдерді әзірлеу, сарапшылармен мазмұнды өзара іс-қимыл, жалпы бизнес-қоғамдастықтың мемлекеттік билік органдарымен тиімді өзара іс-қимылы мақсатында мәселелерді жан-жақты талқылауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Ерқанат Мұсылманбек.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер