«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Іле ауданында әйелдерге арналған коворкинг орталығының ашылу салтанатынан соң, алғашқы рет тренинг өткізілді

2024 жылғы 06 Маусым
- Алматы облысы
3983 просмотров

Қазіргі кезде коворкинг орталықтары кең танымалдылыққа ие, себебі коворкинг – бұл кәсіпкерлер, фрилансерлер және әртүрлі кәсіп өкілдері қолайлы жағдайда жұмыс істей алатын, тәжірибе және идеялармен алмасып, бизнесін дамытатын заманауи жұмыс кеңістігі.

«Әйелдер үшін арнайы коворкинг кеңістігін ашу - әйелдердің кәсіпкерлік әлеуетін дамыту жолындағы тамаша қадам» - дейді іскер әйелдер кеңесінің төрағасы, әрі коворкинг орталығының басшысы - Лейла Кенесовна. Оның айтуынша, коворкинг ашудағы басты мақсат - үйде отырған қыз-келіншектердің, көп балалы аналардың, кәсіпкер әйелдердің өзін-өзі дамытуға бағытталған орталығының болуы.

Бұл орталық - әйелдердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге, олардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған. Әрине, орталық әйелдерге арналса да, коворкингке келем деушілерге әрдайым есік ашық екенін ескерген жөн.

Іле ауданындағы коворкингтің салтанатты ашылуынан кейін алғашқы рет тренингтар өткізілді. Тренингты тәжірибесі мол спикер Балқаш ауданының әйелдер кеңесінің төрайымы - Бақыт Қаскеленқызы «Бизнесті қалай дамытуға болады?» тақырыбында жүргізді. Ал отбасылық құндылықты биік қоюға дәріптейтін спикер Ардақ Ганикызы «Ата-ана, туған-туыстар, әйел мен күйеудің арасындағы дұрыс қарым-қатынасты құру» жөнінде қызықты семинарлар өткізді. Алдағы уақытта Іле ауданында жалғасын табатын пайдасы зор семинарлар көптеп ұйымдастыру көзделіп отыр.

Жалпылама келгенде коворкинг орталығы стартаперлерге де, кәсіпкерлерге де біршама пайдасын тигізетін серіктестер, тұтынушылар мен достар таба алатын, мықты әлеуметтік мәселелерді шеше алатын іскерлік орта болатынына сенімдіміз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер