«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Керемет мүмкіндіктер әлеміне саяхат

2025 жылғы 18 Наурыз
- Қызылорда облысы
527 просмотров

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Әйелдер кәсіпкерлігі салааралық кеңесінің ұйымдастыруымен 18 наурыз күні ЖК Прекееваның «Kerim_sulu Qyzylorda» тігін шеберханасында бизнес-экскурсия өтті.

Экскурсияда шеберхананың негізін қалаушы Жанар Прекеева кеңес мүшелеріне, өңіріміздің түрлі салаларында кәсіптерін дөңгелетіп жүрген аяулы қыздарымызға шеберлік сабағын өткізіп, тігін, дизайн салаларының қыр-сырымен таныстырды.

Шеберханада эсклюзивті дизайнмен қыз жасауы дайындалады. Прекеева Жанар Махсатқызы 8 жыл бойы білікті командасымен бірге тұтынушылардың көңілінен шығып келеді. Қазіргі таңда ол 17 адамды жұмыспен қамтуда.

"Біздің өнімдеріміздің сапасын білетіндердің барлығы, автоматты түрде тұрақты клиентімізге айналады. Осы себепті қазір тапсырыс өте көп, соның ішінде шет елдерге. Бүгінгі таңда ел аймағынан басқа көршілес Қырғызстан, Өзбекстан және Түркия елдерінен, сондай-ақ Грузия, тіпті Бразилиядан тапсырыстар келіп түсуде. Осы себепті біз тапсырыстарды алдын ала, бірнеше ай бұрын қабылдаймыз", - дейді Жанар Прекеева мақтанышпен.

 "Kerim_sulu Qyzylorda" - да той маусымы әсіресе қарқынды және көбіне қосымша жұмыс істеуге тура келеді. Бірақ шеберхана иесінің айтуынша, клиенттерден тауардың сапасына қатысты бүгінгі күнге дейін шағым түскен жоқ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер