«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Экономикалық мәселелер жөніндегі директордың орынбасарына үміткер қаралды

2025 жылғы 07 Сәуір
- Алматы облысы
455 просмотров

4 - сәуір күні Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасында өңірлік кеңес мүшелерінің маңызды жиыны өтті. Күн тәртібінде Кәсіпкерлер палатасының экономикалық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары лауазымына кандидатты ұсыну мәселесі, сондай-ақ, жақын арада Өңірлік кеңесті өткізу талқыланды.

Өңірлік кеңес төрағасы Хачатрян Артур өңірлік кеңесті жақын арада өткізу керек екендігін және онда көтерілетін мәселелер көп екенін айтты.

Жиын барысында, Өңірлік кеңестің алдағы жоспарлары талқыланды. “Dolce” компаниясының негізін қалаушы Елена Ли Кәсіпкерлер палатасының бизнесті қолдаудағы маңызды рөлін атап өтіп, “Атамекеннің” кәсіпкерліктің қиыншылықтарын түсініп, заңнамалық өзгерістер енгізудегі тиімді коммуникация алаңы екенін айтты. Сонымен қатар, Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының әкімдікпен және мәжіліс депутаттарымен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Еркін Майлыбайұлы өңірлік кеңес құрамына белсенді кәсіпкерлерді қосудың және отандық инвесторларға барынша қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті.

Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, Райымбек ауданындағы “Бүркіт” ЖШС басшысы Ләззат Ботабекова директордың экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары лауазымына үміткер Жанна Қырғызалықызына Кәсіпкерлер палатасының алдында тұрған басым міндеттер туралы сұрақ қойды.

Жанна Қырғызалықызының пікірінше, ең алдымен салалық бөлімнің жұмысын жандандырып, шағын және орта бизнестің дамуына бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға қатысу, кәсіпкерлерге консультациялық, ақпараттық және әдістемелік қолдау көрсету. Өңірге инвестиция тарту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және инвесторлармен байланыс орнату. Палата жанындағы салалық кеңестердің жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру, олардың ұсыныстарын қарастыру және іске асыруға ықпал ету.

Директордың экономикалық мәселелері жөніндегі орынбасары лауазымына сайлау Өңірлік кеңес мүшелерінің дауыс беруі арқылы шешілді. Өңірлік кеңес мүшелері Талғатбек Әсет, Искаков Сұңқар белгілі бір себептерге байланысты жиынға қатыса алмағандықтан, олардың дауысы онлайн түрде есепке алынды.

Өңірлік кеңес мүшелерінің көпшілігі Жанна Қырғызалықызының кандидатурасына дауыс бергендіктен, Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының экономикалық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары лауазымына үміткер ретінде Астана қаласында орналасқан орталық аппаратқа түйіндемесі мен жетістіктері жөнінде құжат жолданып, кандидатурасы әлі де жіті қаралатын болады.

Жанна Қырғызалықызы атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, кәсіпкерлік тәжірибесіне сүйене отырып, 9 салалық кеңес бойынша барынша көмек көрсететінін жеткізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер