«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

"Атамекен" палатасында Павлодарлық кәсіпкерлерге беделді конкурстарға өтінімдерді толтыру үйретілді

2025 жылғы 02 Маусым
- Павлодар облысы
1233 просмотров

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасында "Атамекен" ҚР ҰКП орталық аппаратының қолдауымен "Алтын сапа" және "Қазақстанның үздік тауары"конкурстарына қатысу туралы бизнеске арналған семинар-тренинг өтті.

Бұл үшін өңірлік кәсіпкерлер палатасының кеңсесінде шағын және орта бизнес өкілдері жиналды. Бейнеконференц-байланыс арқылы оларға осы республикалық конкурстарға қатысу жайында  егжей-тегжейлі ақпарат беріліп,  түсіндірілді. Қазылар алқасы ұсынған тауарлар мен қызметтердің сапасын бағалау критерийлері, берілген мәліметтердің дұрыстығы үшін жауапкершілік туралы айтылды, өтінімдерді толтырудың өзіндік ерекшеліктері түсіндірілді.

"Бұл семинар сіздер үшін өте пайдалы болды деп сенемін. Егер қандай да бір қосымша ақпаратқа қызығушылық танытатын болсңыздар, біз әрқашан қолдау көрсетуше дайынбыз: кез келген мәліметтерді бере аламыз", - деді семинар-тренингке қатысушыларға Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов.

Ол байқауларға қатысу туралы ақпарат алмасу үшін ватсап мессенджерінде арнайы чат құрылғанын атап өтті. Оқытуға қатысушыларға "Атамекен" Павлодар ӨКП директоры тиісті сертификаттарды табыс етті.

"Сіздердің бұл жобаларға қатысатыныңызға седерге толық көмек көрсетуге дайынбыз", - деді Ерқанат Әбенов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер