«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Үйлестіру кеңесінде құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері қаралды 

2025 жылғы 12 Маусым
- Ақмола облысы
890 просмотров

Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы Ақмола облысында өтті. Онда қылмыстың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Отырысқа облыс әкімі Марат Ахметжанов, облыс прокуроры Руфат Құттықов, облыстық соттың төрағасы Арман Жүкенов, аудандар мен қалалардың әкімдері, бизнес субъектілері, Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы, құқық қорғау және мемлекеттік органдар, қоғам, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. 

Жасөспірімдер қылмысы, есірткінің заңсыз айналымы, қорқыту, отбасылық зорлық-зомбылықтың және лудоманияның алдын алудың өзекті мәселелері талқыланды. «Ұрпақ» телеграм-ботын қоса алғанда, «Жас Ұрпақ» жобасы шеңберінде іске асырылатын бастамалар ұсынылды. Құқықтық сананы қалыптастырудың және заңға бағынатын азаматты тәрбиелеудің шешуші рөлі атап өтілді. 

Жолдауларда ел Президенті белгілеген «Заң және тәртіп» қағидаттары мемлекеттік саясаттың құндылық негізі және құқықтық тәртіпті нығайту жөніндегі жұмыстағы маңызды бағдар екені атап өтілді. Соңында іс-шараға қатысушылар белсенді азаматтық ұстанымы үшін марапатталды. 

Айта кетейік, өңірдің белсенді, әлеуметтік бағдарланған кәсіпкерлері өз қызметтеріне 44 сертификат ұсынды. 

«Сегіз сертификат – жазғы кезеңде «Сокол» балалар сауықтыру орталығынан балалар лагеріне жолдама алуға. Сондай-ақ, Еуразиялық банктің облыстық филиалы демеушілік жасады. «KOKSHE LINGVO» білім беру орталығы ағылшын, қазақ тілдері курстарына сертификаттар берді. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстарға, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты тегін заңгерлік сүйемелдеуге сертификаттар бар», - деді Өңірлік палата директоры Ерқанат Мұсылманбек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер