«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнес және экономикалық қауіпсіздік: Кәсіпкерлері Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментімен кедергілер мен құқықтық тәуекелдерді талқылады

2025 жылғы 19 Маусым
- Шығыс Қазақстан облысы
465 просмотров

Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасында бизнес өкілдерінің ШҚО бойынша экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Тимур Мұқановпен кездесуі өтті.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаев бизнес субъектілерінің өтініштері бойынша мәселелерді шешудің оң динамикасын атап өтті.

«Шығыс Қазақстан облысының экономикалық тергеу департаменті мен Кәсіпкерлер палатасы арасындағы екіжақты меморандум аясында кәсіпкерлердің құқығын қорғау мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастық жүргізілуде. Экономикалық тергеу қызметінің қызметіне қатысты бизнестің проблемалық мәселелерін шешу, оның ішінде көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар бойынша түсіндіру және алдын алу шаралары бойынша «Адал бизнес» бірлескен жобасы да жүзеге асырылуда», - деді Қайрат Мамырбаев.

Жиында кәсіпкерлер өзекті мәселелерді көтеріп, бизнесті жүргізу барысында туындайтын кедергілер мен құқықтық сұрақтарды талқылады.

Атап айтқанда, ШҚО бойынша экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Тимур Мұқанов атап өткендей, банкроттыққа және жалған шот-фактураларды шығаруға қатысты мәселелер түсіндірілді.

Шараның басты мақсаты – кәсіпкерлердің құқығын қорғау және экономикалық қылмыстардың алдын алу.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы басшысының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Айжан Жәңгірханова құқық қорғау органдарымен сенімді қарым-қатынастарды қалыптастыру бизнестің дамуына, әсіресе кәсіпкерлерді қылмыстық қудалау орбитасына негізсіз кіргізбеу мәселелерінде оң әсер ететініне назар аударды.

Кәсіпкерлер өз тарапынан әрбір өтініш пен арыздың назардан тыс қалмай, заң аясында мұқият қаралатынын атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер