«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ҰӨАЖ және Бизнестің цифрлық картасы: «Атамекен» ҰКП өнеркәсіпті цифрландыру мәселесін талқылауға қатысты

2025 жылғы 03 Шілде
1134 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы еліміздегі өнеркәсіп саласын цифрландыру мәселелеріне арналған кездесуге қатысты.

Кездесу барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өткен жылдан бастап әзірленіп жатқан Ұлттық өнеркәсіптік ақпараттық жүйені (ҰӨАЖ) таныстырды. Вице-министр Жаннат Дубирова атап өткендей, аталмыш жоба барлық деректерді біріктіріп, сенімді әрі сапалы ақпарат негізінде өнеркәсіптік саясатты қалыптастыруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде осы саладағы бизнестің дамуына тікелей ықпал етпек.

Бүгінде еліміздегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың 70%-дан астамы цифрландырылмаған, ал қолданыстағы деректер жинау жүйелері бір-бірімен үйлеспейді. Бизнес өкілдері ҰӨАЖ отандық тауарларды сатып алуды мониторингтеумен, кәсіпорын қуаттарын және өзге де нақты талдауға қажетті критерийлерді ескерумен интеграциялау қажеттігін атап өтті.

«Мұндай деректер базасын қалыптастыру арқылы қандай әлеуметтік-экономикалық әсерлер мен ықтимал қолдану сценарийлерін (use cases) ала алатынымызды түсіну маңызды», – деп атап өтті Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин.

Платформаның маңызды бір бөлігі – бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары болмақ. Қазіргі таңда ҰКП Ұлттық экономика министрлігі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, азаматтарға арналған eGov.kz порталы секілді EgovBusiness порталы мен Бизнестің цифрлық картасын қамтитын бірыңғай цифрлық шешім әзірлеуде.

«Бүгінде жүйелік фрагментация мәселесі бар: әрбір мемлекеттік орган өздігінше жеке платформалар әзірлейді, бұл өз кезегінде бизнесті «көп терезе» қағидатына негізделген ыңғайсыз әрі жүйесіз үрдістерге ұшыратады. Бизнеске қолдау көрсету шаралары қарастырылған, оның ішінде импортты алмастыру бойынша, қорғаудың бір ғана техникасы жүзеге асырылады және осыған сәйкес мониторинг жоқ. Осы олқылықтарға жауап ретінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «Бизнестің цифрлық картасы» бірыңғай цифрлық порталы әзірленді, оның тәсілдерін Үкімет қолдап та үлгерді», – деді «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Амрин.

Аталған портал кәсіпкерлер үшін барлық бизнес-реестрлерді, бағалау модульдерін, сатып алу рәсімдерін және кәсіпкерлікті қолдаудың өзге де негізгі элементтерін біріктіреді. «Атамекен» ҰКП тек қолданыстағы цифрлық шешімдерді біріктіруді ғана емес, сондай-ақ бизнесті бағалау әдістемесін жетілдіруді – шикізат ерекшеліктері, технологиялық процестер және елішілік құндылық үлесі (ЕҚҮ) сияқты факторларды ескеруді ұсынады. Мұндай тәсілді алдағы алты айда экономиканың барлық саласында сынақтан өткізу жоспарлануда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер