«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тәлімгерлер мектебі: 13 жаңа маман оқуды аяқтады

2025 жылғы 14 Шілде
- Астана қаласы
349 просмотров

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында дуальді оқыту бағдарламасы аясында мамандардың кезекті тобына арналған оқыту сәтті аяқталды. Түрлі салалардың өкілдерінен құралған тағы 13 маман жаңа қызметкерлерді оқыту құқығына ие болып, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Тәлімгерлер тізіліміне ресми түрде енгізілді.

Тәлімгерлерді даярлау бағдарламасы 2018 жылдан бері жүзеге асырылып келеді және осы уақыт ішінде 583 маман қамтылды. Олардың қатарында мәдениет, сервис, мектепке дейінгі білім беру, құрылыс, энергетика, бьюти-индустрия және басқа да салалардың өкілдері бар. Бұл тәлімгерлік институтының еліміздегі кадр даярлау жүйесінде маңызды рөл атқаратынын және жоғары сұранысқа ие екенін көрсетеді.

«Жұмыс орнында оқыту педагогикасы. Тәлімгер мамандарды аттестаттау» бағдарламасы бойынша өткен оқыту - тәжірибесімен бөлісуге, жаңа қызметкерлерді бейімдеуге және олардың кәсіби ортаға сәтті енуіне көмектесуге дайын мамандардың кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталды.

Тәлімгерлер мектебінің басты мақсаты - кәсіпорындардағы ішкі кадрлық саясат аясында тұрақты тәлімгерлік институтын қалыптастыру. Бұл тәсіл кадр тұрақсыздығын азайтып, жаңа қызметкерлердің бейімделуін жеделдетуге және ұйым ішіндегі адами ресурстар әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Тәлімгер сертификаты - бұл жай ғана құжат емес, бұл кәсібиліктің және біліммен бөлісуге дайындықтың дәлелі. Қазіргі өзгермелі еңбек нарығы жағдайында бұл қасиеттер білікті мамандарды жедел даярлау ісінде ерекше маңызды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер