«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Атамекен» ҚР ҰКП және Reed Smith LLP халықаралық заң компаниясы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

2025 жылғы 04 Қыркүйек
581 просмотров

«Атамекен» ҰКП Басқарма мүшесі – Басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Бижанова Reed Smith LLP халықаралық заң компаниясы өкілдерімен кездесті.

Компания тарапынан Қазақстан бойынша серіктес-үйлестірушісі Люси Уиннингтон-Инграм ханым және Қазақстан кеңсесінің серіктесі Сұлтан Сейдалин мырза қатысты.

Reed Smith LLP-145 жылдан астам тарихы бар, бүкіл әлем бойынша клиенттерге құқықтық қолдау көрсететін халықаралық заң фирмасы. 31 кеңседен және 1600-ден астам заңгерлер желісінен тұратын компания заң қызметтері нарығындағы жетекші жаһандық ойыншылардың қатарына кіреді.

Компания бай тәжірибе мен инновациялық тәсілді үйлестіре отырып, экономиканың негізгі салаларында белсенді жұмыс атқарады. Reed Smith өзінің сараптамасымен, мықты корпоративті мәдениетімен және күрделі халықаралық дауларды, қаржылық мәмілелерді және технологиялық жобаларды шешудегі көшбасшылығымен танымал. Компания Қазақстан нарығында 20 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді.

Кездесу қорытындысы бойынша Ұлттық палата мен Reed Smith LLP арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандум ортақ ниеттер мен құндылықтарды бейнелейді, сондай-ақ теңдік, ашықтық, адалдық және өзара тиімділік қағидаттарына негізделген өзара іс-қимыл шеңберін айқындайды.

Меморандумның негізгі мақсаты – заңнама, арбитраж, бизнесті қолдау, инвестициялар, қаржы және активтерді басқару сияқты негізгі салаларда озық тәжірибе мен білім алмасуға ықпал ету болып табылады. Ынтымақтастық сонымен қатар жылжымайтын мүлік, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік және жасыл қаржы салаларын қамтиды.

Меморандум тараптар арасындағы өзара іс-қимылдың бірқатар тәжірибелік нысандарын көздейді және мұндай ынтымақтастық тек білім алмасуға ғана емес, сонымен бірге Қазақстанда кәсіпкерлік ортаның дамуына бірлесіп ықпал етуге мүмкіндік беретініне сенімдіміз


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174