«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылорда облысы Қазалы ауданында кәсіпкерлермен кездесу өтті

2025 жылғы 19 Қыркүйек
- Қызылорда облысы
372 просмотров

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес мүшелері, Палата директоры Пірмұхаммед Сыздық, мемлекеттік мекемелер мен микрокредиттік ұйым өкілдері Қазалы ауданында көшпелі кеңес өткізді.

Іссапар аясында делегация алдымен «Рауан» инклюзивті орталығында болып, оның басшысы, аудандық кеңес төрағасы Қуанышкүл Дәулетияровадан ерекше балаларды оқытудағы жетістіктерімен танысты. Кейін аудан әкімінің орынбасары Мұрат Әбсұлтановтың төрағалығымен кәсіпкерлерге арналған жиын өтті.

Кездесуде мемлекеттік қолдау тетіктері, кәсіпті бастау мен жүргізудің оңтайлы жолдары таныстырылды. Аудан прокуроры Дарын Әбіш кәсіпкерлерге қысым көрсетілген жағдайда прокуратура тарапынан қорған болуға әзір екенін атап өтті.

Жиын соңында кәсіпкерлер өз ұсыныстарын білдіріп, туындаған сұрақтарына жауап алды. Ұзақ мерзімді мәселелер Палатаның бақылауына алынып, алдағы уақытта кеңес отырыстарында қаралатын болды.

Делегация құрамы сондай-ақ «BAUYRZHAN PLAST» есік-терезе өндіретін жас кәсіпкерлердің жұмысымен танысып, оларға қолдау білдірді.

П. Сыздық бұл сапардың маңызын атап өтті:

«Кәсіпкерлердің мәселелерін жергілікті жерде тыңдап, нақты шешу жолдарын бірге қарастыру — біздің басты мақсатымыз. Әрбір кәсіпкердің табысы өңірдің дамуына тікелей үлес қосады», — деді ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174