Түлкібаста RC COLA брендімен «BEIBARS BOTTLERS» сусын өндіретін заманауи зауыт іске қосылды
Түркістан облысы, Түлкібас ауданында RC Cola брендімен жұмыс істейтін «Beibars Bottlers» заманауи сусын өндіру зауыты іске қосылды.
Жобаға шамамен 9 млрд теңге инвестиция салынды. Кәсіпорын жылына 120 мың тоннаға дейін өнім шығаруға қауқарлы.
Зауыт:
• 100 жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтып отыр;
• 170 метр тереңдіктен алынған суды көпсатылы жүйемен тазарту арқылы халықаралық стандарттарға сай өнім өндіреді;
• неміс және италиялық технологияларға негізделген желілермен жабдықталған;
• өнімдері Қазақстанмен қатар Орталық Азия нарығына экспортталмақ.
Инфрақұрылымдық қолдау аясында:
• 6 140 метрлік электр желісі мен қосалқы станция (705 млн тг),
• газ құбыры (25 млн тг),
• кәріз жүйесі мен тазарту қондырғылары (240 млн тг) салынды.
«Бұл жоба – ауданымыздың инвестициялық тартымдылығының нақты дәлелі. Ең бастысы – жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен ауыл экономикасына серпін беру. Палата тарапынан инвесторларға барлық қажетті кеңес пен сүйемелдеу көрсетілді. Алдағы уақытта да кәсіпкерлікті дамыту бағытында осындай табысты жобаларға қолдау көрсетуге дайынбыз»,- деді Түлкібас аудандық Кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Асылболатов.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: