«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстандық тауар өндірушілердің жаңа тізіліміне көшу мәселесі талқыланды

2025 жылғы 22 Қазан
- Қызылорда облысы
188 просмотров

 22 қазан күні Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында салалық кеңестердің кезекті бірлескен отырысы өтті.

Жиында ҚР «Атамекен» ҰКП президиумының Өңдеу өнеркәсібі комитеті және Машина жасау және металл өңдеу комитетінің өкілдері онлайн режимде қазақстандық тауар өндірушілердің жаңа тізіліміне көшуге дайындық мәселесі бойынша талқылау жүргізді.

Сонымен қатар, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері мен барлық өңірлерден отандық тауар өндірушілер қатысты.

Кездесу барысында кәсіпкерлер тарапынан 2026 жылға дейінгі қысқа уақыт аралығында жаңа тізілімнің қалай жұмыс істейтіні және оған қандай кәсіпорындар енгізілетіні жөнінде сұрақтар көтерілді.

 Жоба жетекшілерінің айтуынша, электронды тізілім жүйесін жүктеу қараша айына жоспарланған. Дегенмен, іріктеу критерийлері мен енгізу тәртібі бойынша бірқатар мәселелер әлі де нақтылауды қажет етеді. Осыған байланысты тараптар процесті жеделдету және өзара іс-қимылды күшейту мақсатында бірлесіп жұмыс жүргізу келісіміне келді.

Кездесуде ұсынылатын ОКЭД тізімі, оларды қарау және бекіту тетіктері жөнінде де талқылау өтті.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы аталған бағытта жергілікті атқарушы органдармен бірлесе жұмыс жүргізіп, кәсіпкерлердің мүддесін ескере отырып, ұсыныстар дайындайтын болады.

«Жаңа тізілімге көшу – отандық өндірушілер үшін маңызды кезең. Бұл бастама жергілікті кәсіпорындардың ашық әрі әділ іріктеуге қатысуына, сонымен қатар мемлекеттік сатып алулар мен индустриялық саясат аясында қолдауға ие болуына мүмкіндік береді. Біз өңір кәсіпкерлерін белсенді түрде ақпараттандырып, барлық қажетті қолдау көрсетеміз» – деді Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздық.

 Алдағы уақытта атқарылған жұмыстар мен нақты нәтижелер туралы қосымша хабарланатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174