«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодар облысында ERG кәсіби біліктілікті тану орталығы «Атамекен» палатасының қатысуымен ашылды

2025 жылғы 10 Қараша
- Павлодар облысы
375 просмотров

Павлодар облысында «ERG» компаниясының Кәсіби біліктілікті тану орталығы өз жұмысын бастады. Орталық Аксу қаласындағы «ТНК «Қазхром» АҚ Аксу ферроқорытпа зауытының базасында ашылды.

Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Бияхметов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айгүл Маликова, Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов, «Еуразиялық топтың» персонал және мәдениет жөніндегі бас директордың орынбасары Анастасия Круч және өзге де құрметті қонақтар қатысты.
Іс-шара қатысушылары дәнекерлеуші, кран машинисі және жүк ілуші мамандықтарына арналған стендтерді аралап, біліктілікті растау барысында пайдаланылатын заманауи құрал-жабдықтармен танысты.

«Орталықта дағдылар мен құзыреттерді үйренуге қауіпсіз жағдай жасалған. Мұндай біліктілікті тану орталықтарының өндіріс пен жұмыс берушілер базасында орналасуы маңызды. Себебі өзімізге қандай маман қажет екенін және оның жұмыс сапасын бізден артық ешкім бағалай алмайды», – деді Анастасия Круч, барша қатысушыларды КБТО ашылуымен құттықтап, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекенге», Павлодар облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасына және өзге де серіктестерге орталықты дайындау мен ашудағы еңбектері үшін алғысын білдірді.

«Еуразиялық топ» бас директоры Серік Шахажановтың атынан алғыс хаттар Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбеновке және Палатаның адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Ажар Әбілғазинаға табысталды. Кәсіби біліктілікті тану орталығы жеті бағыт бойынша біліктілікті растауды жүзеге асырады:
ферроқорытпа балқытушы, жүк ілуші, кран машинисі, металлургиялық өндіріс кранының машинисі, электргазбен дәнекерлеуші, автоматты және жартылай автоматты машиналардағы электргазбен дәнекерлеуші, аргонды ортада қолмен доғалы дәнекерлеуші.
Аталған мамандықтар үш салаға жатады: тау-кен металлургия, өңдеу өнеркәсібі және құрылыс салалары.
Айта кетсек, https://pavlodar.atameken.kz/kk/news/55377-palata-predprinimatelej-gotovit-v-pavlodarskoj-oblasti-otkrytie-centra-priznaniya-professional-nyh-kvalifikacij бұған дейін Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасына «ERG Сервис орталығы» ЖШС кәсіби біліктілікті тану орталығын аккредиттеу туралы өтінім берген болатын. Қыркүйек айында Аксу ферроқорытпа зауытына орталықты ашуға дайындық мақсатында арнайы жұмыс тобы келген еді.

Ұйымдастырушылар ұсынған фотосуреттер.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174