«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Цифрландыру саласында үздік қызметкерлер марапатталды

2025 жылғы 11 Қараша
459 просмотров

Қазақстанда жыл сайын 10 қарашада Цифрландыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қызметкерлері күні атап өтіледі. Бұл – елдің цифрлық болашағын қалыптастырып, инновациялар жасайтын, сондай-ақ жаңа шешімдерді енгізіп, технологияларды әрбір азаматқа жақындататын адамдардың кәсіби мерекесі.

Мереке қарсаңында Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім және инновациялар комитетінің қолдауымен цифрлық экожүйенің дамуына зор үлес қосқан бизнес-қауымдастық өкілдеріне ведомстволық марапаттар табыстады.

 

«Үздік цифрландырушы» төсбелгісімен марапатталғандар:

  • Есмуханова Алия Маратовна – «Атамекен» ҚР ҰКП Адами капитал департаменті директорының орынбасары;
  • Покусов Виктор Владимирович – «Қазақстан ақпараттық қауіпсіздік қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы;
  • Коктышев Павел Вячеславович – MOST Holding компаниясының негізін қалаушы және бас директоры (CEO), Алматы қ.;
  • Сенько Владимир Андреевич – «Цифровой поток – Инновации» ЖШС бас директоры;
  • Кенжеғалиев Ақылбек Русланұлы – «Platonus» ЖШС әзірлеу бөлімінің басшысы;
  • Таимова Назгүл Сағыпқызы – «Elcore Distribution KZ» ЖШС директоры;
  • Саламат Лаура – «NNEF» Қоғамдық қорының цифрлық трансформация бағдарламасының жетекшісі (Chief Digital Transformation Officer).

Құрмет грамотасымен марапатталғандар:

  • Питолин Евгений Владимирович – QazTech альянсының ақпараттық қауіпсіздік комитетінің тең төрағасы;
  • Купеншеева Айнұр Ілесқызы – «Altyn Bank» АҚ «Цифрлық банк» департаментінің басқарушы директоры;
  • Попов Владимир Александрович – «KBTU Startup Incubator» студенттік бизнес-инкубаторының жетекшісі, ҚБТУ IT факультетінің аға оқытушысы;
  • Қожатаев Диас Ғалымжанұлы – «Most IT Hub Almaty Limited» жеке компаниясының бас директоры;
  • Пустовойтенко Виталий Васильевич – «Астананың тұрақты даму орталығы» ЖШС директорының орынбасары, «E-KNOT» ЖШС директоры;
  • Сәлімжан Қазбек Жылгелдіұлы – «Атамекен» ҚР ҰКП Адами капитал департаментінің сарапшысы.

Алғысхатпен марапатталған:

  • Подвалов Александр Юрьевич – «AG TECH» ЖШС бас директоры.

«Атамекен» палатасы IT саласының мүддесін білдіріп жүрген өз қызметкерлері — Алия Есмуханова мен Сәлімжан Қазбектің марапатталуын ерекше мақтан тұтады. Олардың кәсібилігі мен цифрлық бастамаларды дамытуға қосқан үлесі мемлекеттік деңгейде жоғары бағаланды.

«Атамекен» ҰКП және Асем Болатжан басқаратын Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар комитеті IT саласының барлық мамандарына табыс, жаңа кәсіби жетістіктер және еліміздің цифрлық экономикасын дамыту жолында зор жетістіктер тілейді!


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174