«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сапа белгісі

2016 жылғы 05 Мамыр
10467 просмотров

Алматылық компанияларды «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларына қатысуға шақырды

Алматы Кәсіпкерлер палатасы ҚР Президенті «Алтын сапа» сыйлығынан үміткерлер байқауы мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесіне қатысу үшін компаниялар өтінімдерін қабылдау басталғаны туралы хабарлайды. «Алтын сапа» сыйлығынан жеке кәсіпкерлер де, қару-жарақ пен әскери техниканы өндіруді жүзеге асыратын, сонымен бірге мемлекеттің қатысуы 50%-дан асатын ұйымдарды қоспағанда, тауар өндіру және қызмет көрсетумен айналысатын кез келген заңды тұлғалар да үміткер бола алады. 

«Қазақстанның үздік тауары» байқауына өнеркәсіптік, азық-түлік тауарлары мен өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді жүзеге асырушы ЖК немесе заңды тұлға қатыса алады. Байқауға қатысушы өнім сапасының жоғары деңгейінің тұрақтылығы мен оның жүйелі түрде жақсаруын қамтамасыз етуде оң нәтижелерге қол жеткізген болуы керек.

«Байқауға қатысуға ниет білдіргендер 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін байқау қатысушылары материалдарын рәсімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережелеріне сәйкес рәсімделген өтінімдер мен материалдарды Алматы қ. Гоголь көшесі, 111-үй мекен-жайы бойынша өткізуі қажет. Материалдарды рәсімдеу ережелері altynsapa.kz сайтында бар», – деп хабарлады Алматы қаласы ӨКП Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің сарапшысы Любовь Алексеева.

Өткен жылдардағы жеңімпаздардың айтуынша, сапа саласындағы байқаулар компанияға көшбасшы имиджін, жоғары сапалы бәсекелі өнімдер мен қызмет көрсетулер ұсынатын сенімді өндіруші беделін береді, сондай-ақ жаңа серіктестер мен тапсырыс берушілердің тартылуына, нарықтағы үлесті сақтап қалып, арттыруға септігін тигізбек және жаңа іскерлік мүмкіндіктерге жол ашады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер