«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстанда Көтерме-тарату орталықтары құрыла ма?

2019 жылғы 31 Шілде
12915 просмотров

Жобаны жүзеге асыру үшін инвестициялар және «Ішкі сауда туралы» заңға өзгерістер енгізу қажет

Қазақстанда салынуы 2017 жылдан бастап талқыланып келе жатқан  Көтерме-тарату орталықтары – бұл сатып алушы келгенше жататын картоп немесе сәбізге арналған үлкен қойма ғана емес. Бұл техникалық тұрғыдан күрделі, міндетті қойма орындарынан бөлек зертханалар, түрлі климаттық режимді сақтайтын камералар, қажет болса теміржол тұйықтары бар, қымбат техникамен жабдықталған логистикалық кешендер. Қазақстанда алғашқы көтерме-тарату орталығы Қарағанды қаласында биыл тамыз айында ашылады деп күтілуде. Алайда, «Атамекен» ҚР ҰКП Сауда департаментінің директоры Нұрлыбек Мұқанов өзінің «Капитал.kz» берген сұхбатында бұл жобаны жүзеге асыру оңай шаруа емес екенін айтты.

– Нұрлыбек, бірнеше жыл бұрын «Атамекен» ҰКП Көтерме-тарату орталығының ел экономикасы үшін маңызды екенін көтерген болатын. Ұлттық палатада орталықтарды ашу жөнінде дайын тұжырымдама бар ма?

–  Көтерме-тарату орталықтары желісін құру және дамыту бойынша тұжырымдама уақыт талабы болды. Тұжырымдама 2018 жылдың ортасында бұрынғы Премьер-Министр Өмірзақ Шөкеевпен бекітілген. Тұжырымдама ет, сүт, бақша дақылдары, көкөніс, жеміс өндіретін ауылдардың сауда объектілерімен, ірі тұтынушылармен байланысын қаматамасыз етуді көздейді, осылайша фермерлер өздері өндірген өнімді жақсы бағада сата алады. Бұл шара баға белгілеу ашықтығын және өнімді кепілдендірілген сатуды қамтамасыз етуге көмектеседі. Қазір ауылда түрлі өнім шығаратын 200 мың шаруа бар. Олардың көбінде шығарылатын көлем шағын ғана, мәселен кішкентай жер телімінде фермер 50-30 тонна картоп өсіреді, онда оған тауарды базарға немесе тағы басқа жерге жеткізу үшін көлік жалдау тиімсіз болады, өйткені көлік шығыны табыстың жартысын алады.

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы өнімін жеткізу саласында жеке тұлғалар – делдалдар жұмыс істейді. Ал Көтерме-тарату орталықтарын ашу арқылы өндірушілер ресми түрде, барлық чектер және жөнелтпе құжаттармен өз өнімдерін тікелей жаппай базарға жеткізіп отыратын болады. Көп шаруалар ірі қалалар мен облыс орталықтардан  шалғай жерде жұмыс істейді.

 – Іс жүзінде осы тізбек қалай жүзеге аспақ?

– Негізінде Көтерме-тарату орталығы көтерме және бөлшек нарықтың бір бөлігі ретінде, сондай-ақ сауда-логистикалық орталықтар ретінде жұмыс істеуі керек. Сәйкесінше, орталықтарда түрлі климаттық режимдері бар көкөніс сақтау қоймалары болуы керек, өйткені картопты сақтау шарты бөлек, сәбізде – бөлек, бақша дақылдардікі – бөлек келеді. Тоңазыту камералары қажет, құрғақ тауар-қойма кешені керек, онда бұзылмайтын тауарлар сақталады. Бұдан бөлек, мәселен, картопты мөлшері бойынша сұрыптайтын жабдық та керек. Егер көкөністерді жуатын тізбекті ұйымдастырса, онда сатылмақ өнім де қымбаттай түседі.

 Бұл сегментте әділ бәсекелестік болуы керек, монополияға жол берілмеуі тиіс. Сондықтан «Атамекен» бизнес өкілдеріне Көтерме-тарату орталықтың ауданы қандай болуы керек, қандай жабдық орнату қажеттігін айтпай отыр. Кәсіпкерлер өздерінің қаржылық мүмкіндітеріне қарай оны өздері шешеді.

 – Бұл жоба инвесторлар немесе мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі шеңберінде жүзеге асыралады деп айтылды. Қазіргі таңда қандай формат анағұрлым тиімді?

– Қай формат жақсы болатынын кесіп айта алмаймын, өйткені, біріншіден, көкөніс пен жемістерді сату маусымдық сипатқа ие. Екіншіден, Қазақстан ашық экономикасы бар ел, сондықтан маусым аралықтарында өнімдерге деген баға күрт өсіп кетеді, мәселен қалаға қызанақ жеткізілмей қалуы мүмкін. Ал базарда белгілі бір өнім көлемі көп болса, өнім құны арзандай түседі. Осы салада жұмыс істейтін кәсіпкерлер осы өзгерістердің барлығын алдын ала болжап, тапшылықты болдыртпай отырулары керек. Мемлекетке келер болсақ, ол осы салаға МЖӘ шеңберінде қатыса ма деген сұрақ туындайды, егер қатысатын болса, қандай шарттармен қатысады, аталған шарттар жеке инвесторлардың көңілінен шыға ма? Бір сөзбен айтқанда, сұрақтар өте көп.

 – Бір орталықтың құны қанша болуы мүмкін? Нұр-Сұлтан қаласында бір ғана Көтерме-тарату орталығын ашуға 20 млн АҚШ доллары жұмсалады деп хабарланған еді.

– Жоғарыда айтып кеткенімдей, барлығы ауқым, жабдықталу және орталықтың арналуына байланысты болмақ. Біз картоп пен етті бір тоңазытқышта сақтап, немесе қызанақты картоп секілді бір бұрышқа төге салмаймыз ғой. Сонымен қатар жүк көліктеріне арналған тұрақ болуы шарт, егер теміржолмен тасымалдау жоспарланса, онда теміржол тұйығын да ойластыру керек. Бұдан басқа картоп секілді көкөністерді түсіретін траснпортер керек, өйткені 120 тоннадай картопты қолмен түсіру мүмкін емес қой. Сонымен қатар көкөніс пен жемісті санитарлық нормалараға сәйкестігіне сараптама жүргізуге арналған зертаханалар қажет. Демек, Көтерме-тарату орталығы – бұл атауы қарапайым болғанмен өте техникалық тұрғыда күрделі кешен. Біз әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізе бастағанымызда ескерілмеген олқылықтар пайда болды. Сондықтан Көтерме-тарату орталығын тұжырымдамасы толығымен бекітілді деп айту әлі ерте, талқылаулар әлі де жүргізілуде.

– Аталған жобаны тежейтін проблемалар бар ма? Бар болса, қандай, оларды қалай алып тастауға болады?

–  Бірінші кезекте инвестициялар керек. Сонымен қатар «Ішкі сауда туралы» заңға өзгерістер енгізу қажет – онда «көтерме-тарату орталығы» деген түсінік енгізілмек, оларға сәйкес талаптар қабылнаып қойды. Қарағандыда   Көтерме-тарату орталығы тұжырымдамасына толық сәйкес келетін сауда орталығы дайындалуда.

–  Демек, жыл аяғына қарай екі көтерме-тарату орталығы ғана ашыла ма?

–  Екі немесе үшеу. Инвесторларда бұл орталықтарына қызығушылық бар, бірақ мен Қарағанды немесе Алматыда міндетті түрде орталықтар ашылады деп кесіп айтпаймын. Неге дейсіз бе? Өйткені, объектіні көтерме-тарату орталығы деп санауға болатыны туралы заң деңгейінде ереже жоқ. Әзірге біз белгілі бір сауда объектісі көтерме-тарату орталығына сәйкес келеді, алайда тұжырымдама оның мәртебесін айқындамайды деп айта аламыз.

Дереккөз: Капитал


Еншілес ұйымдар

Серіктестер