Ұлттық стандарттау жоспарына стандарттарды әзірлеу бойнша ұсыныстарды қосу тәртібі қандай?
Ұлттық стандарттау жоспарын қалыптастыру туралы ақпарат жыл сайын техникалық реттеу және метрология комитеті интернет-ресурстарында -memst.miid.gov.kz және «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК сайтында – kazinst.kz
жарияланады
Стандарттарды әзірлеуді көздейтін жеке және заңды тұлғалар стандарттарды әзірлеу алдындағы жылдың 1 маусымынан кешіктірмей стандарттаудың ұлттық жоспарына енгізу үшін қағаз жүзінде немесе «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК-да (Стандарттау жөніндегі ұлттық институт) «Е-жоспарлау» ақпараттық жүйесі арқылы өтініш жібереді.
Өтінішпен қоса келесі мәліметтерді көрсетіп түсіндірме жазбасы беріледі:
- стандарттау құжаттарын, оның ішінде ұқсас стандарттау құжаттардың жұмыс етуінде оларды әзірлеудің қажеттілігі мен мақсаттылығы туралы ақпарат;
- стандарттау бойынша құжаттарды әзірлеуде әлеуеттік пайдаланушылардың қызығушылығы туралы ақпарат;
- стандарттау объектісі және оның сипаттамасы туралы мәлімет;
- негізгі нормативтік база (түпкі дереккөз) туралы мәлімет;
- ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар туралы ақпарат және алынған нәтижелер (болған жағдайда);
- осы стандарттау объектісіне қойылатын талаптарды белгілейтін стандарттау құжаттарының болмауы немесе қайта қаралуы / күшін жою туралы ақпарат
Вернуться ко всем вопросам
Связанные вопросы
Өңірлік кеңес
Экспорт